2010 жылы шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 8-3-91 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2011.04.13 N 4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеу кезеңінде "Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
      2. Ақтау кентінің әкімі, меншік түріне және бағыныштылығына байланыссыз Теміртау қаласының және Ақтау кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 1993 жылы туған, шақыру учаскесінде есепке тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін белгіленген үлгіде ұсынсын.
      3. Есепке тіркеу комиссиясы құрылсын.
      4. Есепке тіркеу комиссиясының жеке құрамын және оның жұмыс тәртібін Теміртау қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      6. Осы шешім оны ресми жариялағаннан соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Теміртау қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығы
      лауазымын уақытша атқарушы
      Т. Орманбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады