Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 129 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 маусымда N 8-5-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2010.04.12 N 33 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтардың – жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
      1) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жоғары оқу орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін Жастар практикасын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;
      3) Жастар практикасына қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары З. Оспановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмi                                 Ғ. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады