Шектеу іс-шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 09/01 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 8-6-81 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 25/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2009.10.14 N 25/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Сәтбаев аумақтық инспекциясы" ММ бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруы – бруцеллез анықталған эпизоотия ошақтарында шектеу іс-шараларын енгізумен ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Сәтбаев аумақтық инспекциясы" ММ бастығы (Ү.А. Айтпаев – келісім бойынша) жануарлардың жұқпалы ауруы - бруцеллездің тарауына жол бермеу және анықталған эпизоотия ошақтарында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында қажетті ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар өткізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С.Т. Медебаев

      "Келісілген"

      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      Мемлекеттік инспекция
      комитетінің Сәтбаев аумақтық
      инспекциясы" ММ бастығы                    Ү.А. Айтпаев
      2009 ж. 26 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады