Абай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының N 34/355 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 16 сессиясының 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 16/199 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте N 8-9-67 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 23 сессиясының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 23/278 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2010.06.17 N 23/278 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Яғни, "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының N 34/355 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде - 2008 жылғы 20 қазанда N 8-9-48 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2008 жылғы 31 қазандағы N 43 (3736) санында жарияланған) Абай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 қазандағы 9 кезекті сессиясының N 9/105 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде - 2006 жылғы 7 қыркүйекте N 8-9-22 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2006 жылғы 16 қыркүйектегі N 37 (3631) санында жарияланған, Абай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының N 34/335 шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) Қағидалардың кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) Қағидалардың 1 тарауында:
      1 тармақтың 1) тармақшасында "қалалық" сөзінен кейін "және ауылдық" сөздерімен толықтырылсын;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығы."
      4) 3 тармақтың 2 тармақшасында "7 ай деп есептегенде" сөздерінен кейін ", бірақ 7 тонна қатты отыннан артық емес" сөздерімен толықтырылсын;
      5) Қағидалардың 5 тарауында:
      17 тармағы "уәкілетті органға" сөздерінен кейін "немесе аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығына" сөздерімен толықтырылсын;
      17 тармағының 8) тармақшасында "қалалық" сөздерінен кейін "және ауылдық" сөздерімен толықтырылсын;
      келесі мазмұндағы 21-1 тармағымен толықтырылсын:
      "21-1. Тұрғын үй жәрдемақысын заңсыз немесе күмәнді мәліметтер бойынша артық мөлшермен алған жағдайды анықтағанда, тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тоқтатылады. Заңсыз алынған сома ерікті түрде қайтарылуы тиіс, ал бас тартқанда заңмен белгіленген тәртіпте.".
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбекүн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            С. Имашев

      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Абай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Ақсанов

      "Абай ауданының тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е. Қысрауынов

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж. Макенова

      "Абай ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Садық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады