2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 желтоқсандағы N 28/07 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 30/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.12.28 N 30/28 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
      2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ақсанов Серік Айткенұлы):
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
      5) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50 % мөлшерде қамтамасыз етсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50 % мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақыдан 50 % аз емес мөлшерде.
      4. Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-9-53 тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтарда N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/02 "2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" қаулысы күшін жойған болып саналсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады