Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 03/03 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 02 сәуірде N 8-10-79 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 5-1/193 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.27 N 5-1/193 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б.З. Тлеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің
      бастығы
      ___________ А. Түсіпбеков

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
N 03/03 қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі

N

Ұйымдар атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс орындарының саны

Бюджеттен 50 % еңбек ақыға төленетін қаржы (теңге)

1

"Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Ауыз су құбырларын жөндеу жұмыстары

3

116180

2

"Бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Халықтың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға көмек

1

40410

3

Жеке кәсіпкер Б. Анықбекова

Ұн тағамдарын пісіруге көмек

1

40410




5

197000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады