Ақтоғай ауданы бойынша жануарларды ұстау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 140 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда N 8-10-86 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 34 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы, 2 тармағы, 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Ақтоғай ауданы бойынша жануарларды ұстау Қағидасы туралы" жаңа редакциямен толықтай қабылданып бекітілсін. (қосымшаға сәйкес).
      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 20 наурыздағы 34- сессиясында қабылданған "Ақтоғай ауданында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы туралы" N 381 шешімін (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде – 8-10-41 болып тіркелген "Тоқырауын тынысы" газетінің 2007 жылдың 20 сәуірінде N 16 (7082) жарияланған) (Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2007 жылдың 16 сәуіріндегі нормативтік құқықтық актілердің тіркелген нөмірі – 32722) күші жойылсын.
      3. Осы Қағидада белгіленген талаптар мен жауапкершіліктердің орындалысын қатан қадағалап, қамтамасыз ету, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдануға ұсыну ауданның тиісті құзырлы органдарына кент, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Е. Күлмағанбетова) жүктелсін.
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Шахжанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай аудандық ауыл шаруашылық
      бөлімінің бастығы                          С.Ж. Абдугулов
      24.04.2009 ж.

Аудандық мәслихаттың
кезекті 12-сессиясының
2009 жылғы 24–сәуірдегі
N 140 шешіміне қосымша

Ақтоғай ауданында жануарларды ұстау Қағидасы 1 бөлім. 1 тарау. Жалпы ережелер.

      1. Ақтоғай ауданында жануарларды ұстау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, "Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын және ауыл аумағын мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы" Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 бұйрығына, "Халықтың санитарлық–эпидемиололгиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
      2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылды:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар мен қояндар);
      2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринарлық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сетрификат, ветеринариялық анықтама.
      3) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактика-сын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға, жануарлардың өнімділігін арттыруға, жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған інтетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
      4) ветеринариялық төлқұжат – ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, жануардың түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама;
      5) ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздік–мемлекеттік ветеринария-лық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі;
      6) шектеу іс-шаралары – жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтатата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      7) эпизоотия – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
      8) дегельминтизация – арнайы ветеринарлық препараттардың көмегімен жануарларды гельминттерден тазалау, бөлінетін паразиттерді, олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын және балапан құртын міндетті түрде жоюды жүзеге асыру;
      9) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын-алу шаралары;
      10) жабайы жануарлар - құрлықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;
      11) жануарлар – ауылшаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы; сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, жәндіктер және тағы басқалар;
      12) жануарларды ұстау – жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын, сақтау үшін, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;
      13) жыртқыш жануарлар – басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы;
      14) жануарларға арналған паналау баспанасы – қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
      15) жануар иесі- жеке және өзгедей меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
      16) иттер мен мысықтарды серуендету – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жағдайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
      17) инсектицидті препараттарды – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
      18) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
      19) карантин – індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақстанында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық – санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      20) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
      21) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;
      22) мысық – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары;
      23) нөмірлік таңба – жануарлардың денесіне цифрлармен көрсетіліп салынатын шартты белгі, ол жануарлардың есебін жүргізуге, бір түрін екінші түрінен ажыратуға, жануарлардың заңды немесе жеке тұлғаға тиістілігін анықтауға мүмкіндік береді;
      3. Ақтоғай аудан елді мекендерінде өтетін жануарлардың қатысуымен өткізілетін көрмелер,асыл тұқымды мал жәрмеңкесі,жарыстар, аттракциондар мен тағы басқада іс – шаралар, ветеринария, санитарлық эпидемиологиялық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және аудан, кент,село, селолық округ әкімдерінің келісімі болған жағдайда өтеді. Осы аталған іс - шараларға бірдейлендіру нөмірі, ветеринарлық төл құжаты бар жануарлар, соңғы ветеринариялық егуден және дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі соғылған жағдайда, сондай ақ жануарлар аурулары инфекцияларына зертханалық тексерулер болғанда жол беріледі.
      4. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Иттер немесе мысықтар оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын өте қауіпті, жұқпалы және вирусты ауруларды немесе қауіпті аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар сау болса онда иесіне кері қайтарылады.

2 тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі.

      1. Уәкілетті мемлекеттік органдармен жануарларды тіркеу және есепке алу бойынша, сондай-ақ Ақтоғай ауданы бойынша жануарларды бірдейлендіру мәліметінің компьютерлік базасын жасау;
      2. Кент, селолық округ әкімдерінің аппараттары; ветеринариялық инспекторы ауылдық округтің әкімінің өкілімен бірлесе отырып жылына жылына екі рет (ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларында) ауыл шаруашылық жануарлардың инвентеризациясын жүргізіп, оның нәтижелерін міндетті түрде ауылдық әкімшілік округтің жануарларды есептеу және тіркеу журналына енгізіп, электронды және қолдай түрде ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне тапсыруға міндетті.
      3. Жануарларды тіркеу, жануарлардың ауруын алдын алу және диагностика бойынша ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін, жануарларды тіркеу және бақылаудан өткізу мақсатында оларды бірдейлендіру жолымен жүзеге асырады.
      4. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша кешенді шаралар жоспарын аудандық жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дайындайды, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік мәліметтер базасын жасау, аудандық және ауылдық (селолық) округтерге кодтарды бекіту.
      5. Әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдар ауылдық селолық округте және елді мекендерінде, аудандарда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша шараларды ұйымдастырады.
      6. Әрбір тіркелген жануарға оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталатын ветеринариялық төлқұжат рәсімделеді және бірдейлендіру нөмірі беріледі. Жануардың бірдейлендіру белгісі ретінде олардың иелерінің келісімі бойынша келесі таңба тәсілімен белгіленеді: пластмасс биркамен сырғалау; суық немесе ыстық тәсілмен таңбалау (татуировка); нөмірлік таңба цифрлық белгіні белгіленген жануардың денесіне нақыштау үшін; халықаралық стандартқа сәйкес жануарлардың барлық түрлері үшін бірдейлендірудің электрондық түрі (микрочипі).
      7. Жануарларды бірдейлендіруге байланысты барлық жұмыстар (сырғалау, таңбалау, татуировкалау және басқа жұмыстар) ветеринарлық төлқұжатты рәсімдеуді қоспағанда, аумақтық мемлекеттік ветеринариялық инспектордың тікелей бақылауымен лицензия алған ветеринариялық мамандарды селолық округ әкімдігі бекітілген маманы бірлесе отырып жүргізеді.
      8. Селолық округ әкімдігінен ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші жеке және заңды тұлғаларға "Мал басы туралы мәлімет" беру қызметі "Мемлекеттік статистика туралы" Заңның 9–1 бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 32-бабы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" бұйрығының 1415 – тармақтары негізінде ауыл шаруашылық бөлімдері және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық ) округтердың әкімдері мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары арқылы жүргізуге тиіс.
      Тұтынушы қажетті құжаттарды яғни белгіленген үлгі бойынша өтініш, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлға үшін), ауыл шаруашылық жануарларының ветеринарлық паспорты. Барлық қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу күні көрсетілген талон беріледі. Осы талон қатаң есеп жүргізу бланктері ретінде арнайы журналға тіркеліп, әр айдың соңында берілген анықтамаға мониторинг жүргізіліп, жергілікті уәкілетті органдарға тапсырылу керек.
      9. Ауыл шаруашылығы жануарларын, иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде, сондай-ақ жабайы, жыртқыш және улы жануарлардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
      Иесінің растайтын құжаты; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; тұрғылықты мекен-жайы, телефоны; жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы, бірдейлендіру әдісі).
      10. Иттер мен мысықтар әуесқойлар қоғамына, ит өсірушілер клубына өздеріне тиесілі иттері мен мысықтарын жануарларды тіркеу және есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда белгіленген тәртіпте тіркемеген немесе қайта тіркемеген азаматтарды қабылдауға жол берілмейді.
      11. Жануарларды сату немесе беру олардың ветеринариялық паспортын жаңа иесіне қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
      12. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты бұрын жануар тіркелген уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады.
      13. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарлайды.
      14. Жануарларды тіркеу және бірдейлендіру рәсімі жануардар иесінің есебінен жүзеге асырады.

3 тарау. Жануарларды ұстау.

      1. Жануар иесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады;
      2) жануардың қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне қауіп туғызуын болдыртпау, елді мекен ішінде малдардың өріске бару және қайту жолдарын мемлекеттік ғимараттар мен көпшілік баратын жерлер мектеп, бала – бақша, аурухана, дәмханалар т.б. ғимараттардан неғұрлым оқшау жерлермен жүргізуді қалыптастыруға және өрістен келіп–қайтқанға дейін үй шаруашылық ауласында ұстауға міндетті. Керісінше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс;
      3) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда: зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізу; жануардың құтыру ауруын анықтау үшін ветеринариялық мамандардың бақылауына 10 күн бойы қамтамасыз етуге;
      4) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарды оқшаулап ұстауға шара қабылдау және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлігін сақтау;
      5) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарау, диагноситкалық зерттеуге және емдеу, алдын-алу шаралары егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсету;
      6) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген және сойылғаннан кейін оның сойылған еті, және органдары ветеринариялық-санитариялық      сарптамадан өтпеген болса онда ауыл шаруашылығы жануарларының өнімін сатуға жібермеу;
      7) жануарларды серуендететін орындарда олардың тезегін жинап алады, көп қабатты үйлердегі дәліздердің аумақтарын, баспалдақтарын, жаяу жүргіншілер жүретін орындарын қоса;
      8) өлген жануардың өлексесін тастауға жол бермеу, жануардың өлексесін арнайы малқорымына көму, (утилдеу) қажет;
      9) жануарды ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда оны басқа адамға беру, қараусыз жануарларға арналған паналау баспана немесе қаңғыбас жануарларды аулайтын арнаулы мекемеге тапсыру;
      10) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтік міндеттерін орындауларына көмек көрсету;
      11) жануарлады қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймасына және су жинау алаңына шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді;
      12) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіптер мен талаптар бойынша (Ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысы) жануарларға және адам денсаулығына ерекше төндіретін жануарларды алып қою және жою нәтижесінде келтірген залалдарды өтеу;

4 тарау. Елді мекендерде ауыл шаруашылығы малдарын ұстау және бағу.

      1. Ауданның (жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзіретіне;
      1) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
      2) Ақтоғай ауданның, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің құзіретіне;
      3) ауыл шаруашылығы малын ұстау және жаю ережелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) әр селолық округ әкімдері жиналыс (сход) өткізіп кент, село бойынша бекітілген меншік малдарды жаю, бірдейлендірудің жүргізу тәртібін халыққа таныстырып және ереженің орындалысын қадағалайды;
      5) шаруа қожалықтарының иелігіндегі ауыл шаруашылық жануарлары жалға алынып картада белгіленіп, бекітілген жерлер шекарасында бағылуы міндетті;
      6) селолық елді мекендерде жеке тұлғалардың меншік малдары елді мекендерге белгіленген жерлерде селолық округі әкімдігі бекіткен іс – шара бойынша бағылуға тиісті;
      7) жеке меншік малдары елді мекенге белгіленген жерлерге өрістеуге сыймаған немесе жайылымдық жерлер тозған жағдайда, тиісті атқарушы органдардың келісімі бойынша босалқы жерлерге ақылы бағуды ұйымдастыру;

2 бөлім. 5 тарау. Мал мен құс ұстауға қойылатын талаптар.

      1. Меншік нысанына байланыссыз мал мен құс иеленушілер міндеті:
      1) мал мен құс ұстау жөніндегі белгіленген мал дәрігерлік – санитарлық нормаларды қатал сақтау;
      2) мал мен құстың бірдейлендірілуін қамтамасыз ету, міндетті мал дәрігерлік іс-шаралар өткізуге қажетті жағдай жасау, қажетті мал дәрігерлік іс-шаралар өткізгенде мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет мамандарының нұсқауларын орындау;
      3) мал мен құс ауырған және өлген жағдайда, ол туралы тәуліктік мерзімде мал дәрігерлік инспекторына хабарлау және мал дәрігерлік инспекторы келгенше ауруында күдік бар малдар мен құстарды бөлек ұстауды қамтамасыз ету және қатынасты шектеу;
      4) жаңадан сатып алынған мал мен құсты сатып алған сәттен бастап 10 күндік мерзім ішінде мал дәрігерлік –санитарлық жоспарлауды ұйымдастыру мақсатында жаңадан сатып алынған мал мен құстың саны және түрлері туралы шынай ақпарат беру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен және жағдайда мемлекеттік органдарға жеке қосалқы шаруашылығы туралы ақпарат беру;

6 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау.

      1. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды орындаған жағдайда мыналарға жол беріледі:
      1) көп қабатты тұрғын үйлердің пәтелерінде иттер мен мысықтарды ұстау;
      2) жеке тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оған іргелес аумақта иттер мен мысықтарды ұстауға;
      3) күзетші иттерді қоршалған аумақтарда, жануарлардың қашып шығуын, жануарлардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтындай болуы керек. Аулаға кірер кезде иттің бар екенін ескеретін тақтайшаға иттің суреті салынып "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазуды қамтамасыз ету;
      4) кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердің, азаматтардың коммерциялық емес бағбандық және саяжайлық бірлестіктерінде, демалыс базаларында иттерді байлаулы және арнаулы вольерлерде, адамдарды мазаламайтын, айналасындағыларға қауіп төндірмейтін жағдайда, күзету мақсатында ұстауға;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау өкілетті органдардың келісімі бойынша көп пәтерлі үйлерден, жеке тұрғын үйлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан, жаппай демалу орындарынан кем дегенде 500 метр қашықтықта орналасқан қоршалған аумақта, қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбайтын жағдайда (шу, иіс), арнайы жабдықталған жабық жайларда жеке және заңды тұлғалар қандай да болмасын мысықтар мен иттер үшін пайдалану баспаналары мен питомниктері ұйымдастыруға;
      6) балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің "жанды бұрыштарында", "зоологиялық бұрыштарында", жазғы және қысқы демалу, денсаулықты жақсарту санаториялық-курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қызметкерлердің рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2. Мыналарға жол берілмейді:
      1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде жеке тұрғын үйлерде иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      2) көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орындардан басқа), жатақхананың дәліздерінде иттер мен мысықтарды ұстауға;

7 тарау. Иттерді серуендету тәртібі.

      1. Мыналарға жол берілмейді:
      1) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға;
      2) 16 жасқа дейінгі тұлғаға, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын жеке тұлғаларға иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді серуендетуге жол берілмейді;
      3) көшеден өтер кезде иттің иесі (итті серуендетуші адам) оны жол көлік оқиғасын және қысқа бауы бар болғанда иттің иесіне мекемелерде, азық – түлік емес дүкендерде, поштада және басқа орындарда болуына жол берілмейді;
      4) тыйым салмайтын жазбалар болмаған жағдайда, итінің тұмылдырығы және қысқа бауы бар болғанда иттің иесіне мекемелерде, азық – түлік дүкендерде, поштада және басқа орындарда болуына жол беріледі. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге итпен нысандарға келуге тыйым салынғаны жөнінде белгі орналастыруды және ит байлайтын орындар жабдықтаулары керек;

8 тарау. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау.

      1. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдардың өз құзіретіне сәйкес және белгіленген өкілеттік тәртібінде берілгендей кент және селолық округ әкімдері ұйымдастырады.

9 тарау. Ақтоғай ауданында жануарларды ұстау
Ережесінің орындалуын бақылау.

      1. Атқарушы органдар:
      1) осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан Ақтоғай ауданының аумағына орналасқан, жеке және басқадай меншігіне жануары бар жеке және заңды тұлғаларға таратады;
      2) елді мекендерде ауыл шаруашылығы және басқа жануарларды серуендету, жаю және тасымалдау (орын ауыстыру) ережесін сақтауларына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      3) азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің осы Ережені орындауын жүзеге асыру үшін ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологилық мекемелерге бақылауға жәрдем көрсетеді;
      4) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың ерекше жауапкершілікті талап ететін жануарларды әкелу, шығару, ұстау, өсірудегі құқықтарын келісу кезінде қатысады;
      5) белгісіз жағдайда немесе тосын оқиға себептері бойынша елді мекендер ішінде және маңында өлген ауыл шаруашылық жануарларының өлу себептерін, оның иесін мемлекеттік вет инспекторлар және лицензиялы мал дәрігерлерінің нақтылауымен мал иесінің жануар өлексесін мал қорымына апарып көмуге, залалды болған жағдайда орынында жоюын селолық округ әкімдігі ұйымдастырып, қадағалайды.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары белгіленген өкілеттік тәртіппен берілген шеңберінде:
      1) эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдасырады және бақылайды;
      2) жануарларды елді мекеннен тыс жерге шығарғанда оларға ветеринариялық куәлік береді;
      3) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
      4) жануарлардың иелерінің ветеринариялық және санитарлық талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асырады;
      5) осы ережені бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
      6) кинологиялық қызметпен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ иттер мен басқа жануарларды ұстайтын кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринариялық-санитариялық қорытындыны береді.
      3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленген өкілеттілігі тәртібінің берілген шеңберінде;
      1) эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және байқайды.
      2) мемлекеттік ветеринариялық органдары және жергілікті атқару органдарымен бірлесіп адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ буклеттер, плакаттар және тақталар түрінде көрнекі жәрдем береді.
      4. Ішкі істер органдары:
      1) елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын, иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі мен тасымалдау ережесін сақтауларына бақылау жасайды;
      2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ветеринарлық ұйымдарға, санитарлық – эпидемиологиялық мекемелерге осы Ережені азаматтардың, кәсіпорындардың,ұйымдардың және мекемелердің орындауына және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуда қажетті көмек көрсетеді;
      3) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді әкелу, шығару, ұстау, иттерді өсірудегі құқтарын келісу кезінде қатысады;
      4) өзінің өкілетігі шегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтьамасыз ету жөнінде шараларды қабылдайды;
      5) осы ережені бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

3 бөлім. Қорытынды ережелер.

      1. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде қарастырылған жауапкершілікте болады.
      2. Осы Ереженің орындалуын қадағалау жергілікті атқару органдарына, Ақтоғай ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспекторға, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтоғай аудандық инспекциясына, Қарағанды облыстық МСЭКД Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық эпидемиологиялық бөліміне және аудандық ішкі істер бөліміне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады