Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2009 жылғы 24 қарашадағы N 182 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 8-10-93 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 1-1/105 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.04.25 N 1-1/105 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Бір әкімшілік–аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілері үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасына (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлеубергеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ә. Әлжанов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    М. Оңғарқұлов

Ақтоғай аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 қарашадағы
кезектен тыс 17 сессиясының
N 182 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есеп көрсеткіші)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

15

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолы

55

5.

Бильярд үстелі

20

6.

Карт

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады