Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 16/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдеде N 8-11-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 13/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010.05.24 N 13/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, жұмыссыз жастар - орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарын (одан әрі кәсіби оқу орындарын) бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар арасында жастар саясатын жүргізу, кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай туғызу, жұмысқа орналасу және еңбек нарығында бәсекелестікті арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      2) кәсіби оқу орындарын бітірген түлектерге – жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын беруге ниет қылған жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін, жастар практикасында, кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыруға шарт жасалсын;
      3) жастар саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 103 "Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар саясаты бағдарламасын кеңейту" бағдарламасы бойынша қарастырылған республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі және осы 2009 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарды қамтиды.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады