Ауданда 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 34/06 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 желтоқсанда N 8-15-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасының және 20 бабының 5 тармағы 2 тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2010 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.И. Плотникова):
      1) қоғамдық жұмыстар өткізу үшін аудандық бюджетте 2010 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде ұйымдармен шарт жасаған кезде әрі қарай жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін ескерсін;
      3) қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысын төменгі айлық еңбекақы есебі мен атқарған жұмыс уақытына сәйкес жұмыссыздар есепшотына қаржы аудару жолымен төлесін.
       4) Осакаров кенті әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысы 3 ай мерзім бойынша ең төменгі 1,5 жалақысы көлемінде төленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2010.06.25 N 17/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осакаров ауданының қаржы бөлімі (С.Ж. Ыдырысов) қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу ақшалай қаражатты уақытылы бөлуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шөппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   Р. Әбдікеров

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
N 34/06 қаулысына қосымша

2010 жылға жұмыссыз азаматтарға ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрі мен көлемі, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің,
тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2010.01.20 N 02/03 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Р/с

Ұйымдар және мекемелердің атауы

Адам саны

Ұсынылатын жұмыстар және қызмет түрлері

ҚЖ қатысу мерзімі (ай)

Жұмыс көлемі

1

Кенттер мен селолық округ әкімдерінің аппараттары

270

Тұрғындардың үйлерін аралау, селолық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс;

1-6

9325 тұрғын үй

ТҮКШ ұйымдарына елді мекендерге, бейттер аумағын жинауға көмек көрсету;

0,5-1


жол салу және жөндеу, су коммуникациясын жөндеу, мелиорация жұмысын өткізу;

1-3

200 км

үй құрылысына және әлеуметтік мәдени объектілерге жүктелген күрделі жөндеу жұмысына қатысу;

1-3

24 объект

ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру;

0,5

8 ескерткіш

Аумақты экологиялық сауықтыру ("Жасыл ел", "Ағаш отырғызу");

0,5

1500 дана

мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету;

1


қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық қоғамдық компанияларға көмек көрсету;

1-6


жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету;

0,5-1


"Мейірімді бибі", "Құрылыс бригадалары", "Аула клубы", "Түлек", "Ұстаз-тәрбиеші" бағдарламаларына қатысу; медициналық, тігін және шаштараз басқа да қызметтер (жәрдем беруге арналған асхана) көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтардың жұмысын жалғастыру;

1-11

77 адам

ҚР зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңдарын түсіндіру жөніндегі кеңес беру пункттерін ұйымдастыруға қатысу.

1-11

22 пункт

2

Мәдени сауықтыру орталығы

6

Демалыс және мәдениет орталық паркінің аумағын жинау, ағаш егу, көркейту.

2

7 га

1407 дана

3

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

6

Осакаровка кентінде медициналық, тігін және шаштараз қызметтер көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтың жұмысы.

1-11

2000 адам

6

мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету;

2


8

қарттар үйіне және жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету;


74 адам

2

әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық-тұрмыстық актісін жасау, құжаттар тігу, істер қалыптастыру.


58 аула

58 акт

58 іс

4

Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі

9

Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу шақыру қағазын тарату).

3

3500 дана

8500 дана

5

Осакаров ауданы бойынша салық комитеті

18

Тұрғындармен жұмыс жасау: жерге, көлікке, мүлікке салық төлеу жөніндегі ресми қолхаттарды жазбаша хабарландыруларды жеткізу.

3

5000 дана

3000 дана

10000 дана

6

Прокуратура

12

Мұрағат құжаттар мен тізімдерді тігу және құрастыру, 2009 жылғы өкімдерді қалыптастыру, оларды тігу. Мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру.

2

2000 дана

7

Әділет басқармасы

30

Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша іздеу салу.

2

18000 дана

4560 тұрғын үй

3000 сұрау

8

Зейнетақы және жәрдем төлейтін мемлекеттік орталығы

4

Ұзақ мерзімде және ағымдағы сақталатын мұрағаттық зейнетақы және жеке істерін өңдеу және көшіру.

3

13983 іс

9

Қарағанды облысының соттар әкімшісі сот орындаушыларының Осакаров аумақтық учаскесі

4

Мұрағат құжаттарын өңдеу, хабарландыруларды жеткізу.

3

1200 іс

10

Осакаров ауданының кітапханасы

6

Күрделі жөндеуге, кітап қорын тексеруге көмек көрсету.

2

800 ш.м

45000 экз.

11

Осакаровка филиалының "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК

2

Инвентарлық істерді өңдеу және таратып салу.

3

6000 дана

12

Осакаров аудан әкімінің аппараты

2

"Ұстаз-тәрбиеші" бағдарламасына қатысу (жастардың арасында СӨС насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу);

3

120 іс

мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу.

2000 дана

13

Осакаров аудандық статистика бөлімі

2

қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық қоғамдық компанияларға көмек көрсету;

3

2012 тұрғын үй

мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, 2009 жылға құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу.

2150 дана

14

Жер қатынастары бөлімі

2

Мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу.

3

2000 дана

15

Ішкі істер бөлімі

57

Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;

3


мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу;

қоғамдық тәртіп күзеті.

16

Ішкі саясат бөлімі

2

Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, "Ұстаз-тәрбиеші" бағдарламасына қатысу.

3


17

ЖПБ – 46 АМК "Қазақавтожол" Қарағанды облыстық филиалы

10

Автокөлік жолдарындағы тазалауға қиын келетін орындарда қар тазалау, қолмен шөп шабу, жүретін жол бөлігінде және оның маңайындағы қоқыстарды жинау.

3


18

Балаларға қосымша білім беру орталығы

5

Ескерткіш аймағын көркейту.

2


19

Ауданның тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2

мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу.

3


20

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі

2

мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу.

3


21

Осакаров ауданының N 2 соты

3

шақыру қағаздарын жеткізу; мұрағат құжаттарын өндеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру.

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады