2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 18/02 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 қарашада N 8-16-49 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 4-2/187 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011.04.07 N 4-2/187 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын басшылыққа алып "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 санды "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырып және қамтамасыз ету үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (N 1 қосымша).
      3. Комиссия мүшелерінің түрлі себептермен шақыру мерзімі кезінде болмай қалған жағдайда қосымша комиссияның құрамы бекітілсін (N 2 қосымша).
      4. Шақырылушыларды дәрігерлік сараптамадан өткізетін дәрігерлік комиссия құрамы бекітілсін (айырбастау құқығынсыз) (N 3 қосымша).
      5. Ұлытау ауданының қаржы бөліміне (Т. Шайхин.): шақыруға байланысты шараларды "Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі шаралар" бағдарламасы бойынша берілген есепке сәйкес бюджетте көрсетілген қаржыны бөлу тапсырылсын.
      6. Ұлытау ауданының медицина бірлестігіне (Мазитов У.С. - келісім бойынша): шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен жалақыларының сақталуын, дәрігерлік комиссияны дәрі-дәрмекпен, қажетті дәрігерлік құралдармен жабдықтау және емдеуді қажет ететін шақырылушыларды толық емделулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      7. Ұлытау ауданының ішкі істер бөліміне (Жанпейсов. Қ - келісім бойынша):
      1) әскери шақырудан бұлтарып жүрген 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды іздестіріп, ұстап, оларды шақыру учаскесіне жеткізу;
      2) шақырылушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмауды алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін шақыру мерзімі кезінде аудандық шақыру учаскесіне тұрақты 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
      3) әскер қатарына шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен Қарағанды қаласындағы облыстық жинақтау орнына бекітілген кесте бойынша автокөлік және теміржол көлігімен жеткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
      4) қылмыстық жауапқа тартылғандар, қамаудағы немесе тергеуде жүрген шақырылушылар туралы деректерді аудандық шақыру учаскесіне жедел хабарлап отыру ұсынылсын.
      8. Ауданның кенттік, селолық әкімдеріне және (меншік нысанына қарамастан) барлық басқарма, мекеме, кәсіпорын басшыларына "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес мына іс-шараларды жүргізу тапсырылсын:
      1) шалғай жерлерде тұратын шақырылушыларға уақытында хабар беріп, олардың аудандық шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде дер кезінде келіп, аудандық шақыру комиссиясынан өтуін қамтамасыз ету;
      2) іс сапарда жүрген, ауысыммен жұмыс істейтін және арнаулы оқу орындарында оқитындардың (студенттер) мекеме басшысына шығып, уақытша босатып, аудандық шақыру комиссиясына келуіне жағдай жасау;
      3) аудандық шақыру учаскесімен тығыз байланыста болып, 2009 жылы қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы мемлекеттік іс-шараның өтуіне ат салысу;
      4) шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына бекітілген кесте бойынша автокөлікпен жеткізу кезінде олардың жеке бастарының қауіпсіздігін сақтау.
      9. Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Айтжанов Ж.А.): Заңға сәйкес, шақыру комиссиясының жұмысы уақытында аудандық шақыру учаскесіне техникалық жұмыстар үшін ресми тіркелген жұмыссыздар арасынан уақытша 5 (бес) жұмыскер бөліну тапсырылсын.
      10. Ауданның жергілікті атқарушы органдары басшыларына Заңның 44 бабының 3, 4 тармақшаларына сәйкес, аудандық шақыру комиссиясының жұмыс уақытында аудандық шақыру учаскесіне N 4 қосымшаға сәйкес, 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен қамтамасыз ету тапсырылсын.
      11. Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Жарылғапов М. - келісім бойынша):
      1) шақырылушылар арасында саяси-құқықтық және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесін тиісті ақпарат құралдарымен жабдықтау;
      2) шақыру аяқталғаннан кейін оның қорытындысы туралы аудан әкімі аппаратына 2009 жылдың 25 желтоқсанға дейін жазбаша ақпарат беру ұсынылсын;
      3) шақыру комиссиясының жұмысын толық қамтамасыз ету, ұйымдастыру барысында аудан мекемелері және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен комиссия отырыстарын өткізіп отыру ұсынылсын.
      12. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі "1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 6/94 қаулысы Ұлытау ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 23 сәуірде N 8-16-30 мемлекеттік тіркелген, "Ұлытау өңірі" газетінің 2008 жылығы 1 мамырдағы N 19-20 (5638) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      13. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы "1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдың көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 09/09 қаулысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден бас тартылуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
      14. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Т.Ж. Садықовқа жүктелсін.
      15. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Ж.Ә. Дәрібаев

      Келісілді:

      Ұлытау ауданының қорғаныс істері           Жарылғапов
      жөніңдегі бөлімнің бастығы                 Мұхтар Жүсіпұлы
      2009 жыл __ _____________

      Ұлытау ауданының ішкі                      Жанпейсов
      істер бөлімінің бастығы                    Құрмет Егінбайұлы
      2009 жыл __ _____________

      Ұлытау ауданының медицина                  Мазитов
      бірлестігінің директоры                    Урал Сафиуллаұлы
      2009 жыл __ _____________

      Ұлытау ауданының қаржы                     Шайхин
      бөлімінің бастығы                          Тасболат Зайырұлы
      2009 жыл __ _____________

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 1 қосымша

АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

      Жарылғапов Мұхтар       - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      Жүсіпұлы                  бөлім бастығы, шақыру комиссияcының
                                төрағасы

      Кенгірбаева Айжан       - аудан аудандық ішкі саясат бөлімінің
      Тимофейқызы               бас маманы, комиссиясы төрағасының
                                орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Әйтенов Бағдат          - аудандық ішкі істер бөлімінің
      Қойшығарыұлы              бастығының орынбасары

      Ильясов Ерден           - аудандық медицина бірлестігінің
      Әріпұлы                   дәрігері медициналық комиссиясының
                                төрағасы

      Келмағанбетова Сауле    - аудандық медицина бірлестігінің
      Көңілбайқызы              медбикесі, комиссия хатшысы

      Жөкенов Рахмания        - Аудан әкімі аппаратының заңнамалық
      Төтайұлы                  бақылау жөніндегі бас иснпекторы

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 2 қосымша

АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ

      Елеуов Болатбек         - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      Әлсерікұлы                бөлімінің келісім шарт бойынша әскери
                                қызметшілерді жинақтау және әскерге
                                шақыру бөлімшесінің бастығы, шақыру
                                комиссиясының төрағасы

      Өткелбаев Ерлан         - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру
      Серікұлы                  және кадрлармен жұмыс бөлімінің
                                меңгерушісі, шақыру комиссиясы
                                төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Бапов Қанат             - аудандық ішкі істер бөлім
      Тұрсынұлы                 бастығының орынбасары

      Омаров Әбдіқадыр        - аудандық медицина бірлестігінің
      Төлешұлы                  терапевт дәрігері

      Нұржігітова Әнуза       - аудандық медицина бірлестігінің
      Айтжанқызы                медбикесі, комиссия хатшысы

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 3 қосымша

ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ

      Ильясов Ерден           - аудандық медицина бірлестігінің
      Әріпұлы                   оташы дәрігері, дәрігерлік
                                комиссиясының төрағасы

      Жаңбыршиева Замира      - аудандық медицина бірлестігінің тері
      Жақсыбайқызы              және жүйке дәрігері

      Омаров Әбдіқадыр        - аудандық медицина бірлестігінің
      Төлешұлы                  терапевт дәрігері

      Жаншураев Әділбек       - Жезқазған қаласының орталық
      Өтегенұлы                 емханасының құлақ-мұрын дәрігері

      Наурызбаева Ақзейнеп    - аудандық медицина бірлестігінің
      Оразбекқызы               жүйке аурулар дәрігері

      Бегаев Толеу            - аудандық медицина бірлестігінің
      Оразалыұлы                тіс дәрігері

      Мүбаракова Гүлсінай     - Жезқазған қаласының орталық
      Темірқұлқызы              емханасының көз дәрігері

      Келмағанбетова Сауле    - аудандық медицина бірлестігінің
      Көңілбайқызы              медбикесі

      Сейтмағанбетова Сауле   - аудандық медицина бірлестігінің
                                медбикесі

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 4 қосымша

2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу шарасына 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен бөлінетін мекемелер тізімі

N р\с

Мекемелер атауы

қызметкер саны

орындалу мерзімі

Жауапты қызметкер

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1

01.10 - 20.12.2009

Ж.А. Айтжанов

2

Аудандық білім бөлімі

1

01.10 - 20.12.2009

М. Қожахметов

3

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1

01.10 - 20.12.2009

М. Еділбаев

N р\с

Мекемелер атауы

қызметтік Автокөлік саны

орындалу мерзімі

Жауапты қызметкер

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1

01.10. - 30.10.2009

Ж.А. Айтжанов

2

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1

30.10 - 15.11.2009

М. Еділбаев

3

Ұлытау селолық округі әкімінің аппараты

1

15.11 - 30.11.2009

М. Оразалин

4

Аудандық жер қатынастары бөлімі

1

15.11 - 30.11.2009

Ж. Алиакпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады