2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 9/5 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 8-17-75 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы N 05/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2010.03.26 N 05/05 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бақыт Бекенов) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру 6 ай мерзімге ұйымдастыру тапсырылып, ай сайын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
      3. Ауданның қаржы бөліміне (Ертай Жәнібеков), ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бақыт Бекенов) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс атқарған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мекеме, кәсіпорындармен екі жақты шарт негізінде жүргізілсін.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі                        Қ.К. Тілеубергенов

Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 9/5 қаулысына қосымша

2009 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі

N р/с

Мекеме, кәсіпорындардың атаулары

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны (адам)

Жұмыс түрі

Әлеуметтік жұмыс орындарының мерзімі (ай)

1

2

3

4

5

1.

"Шет аудандық мәдени-сауық орталығы" КМҚК

2

Көркемдік жетекші

6

2.

"Амиров М.А." ЖК

1

Қонақ үйінің администраторы

6

1

аспаз

6

3

автомобиль жүргізуші

6

1

бармен

6

1

жұмысшы

6

1

доңғалақ жөндеуші

6

3.

Ақадыр пошта байланыс торабы

1

күзетші

6

1

жүргізуші

6

4.

"Қызмет-А" МКК Ақадыр кенті

6

құрылысшы

6

2

жұмысшы

6


Барлығы

20


6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады