Нұраталды ауылдық округінде ауыл шаруашылық малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 19/5 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қыркүйекте N 8-17-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 9 тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруының шығуы тиылмауына байланысты 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Нұраталды ауылдық округіне шектеу қойылсын.
      2. Нұраталды ауылдық округіне шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
      1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сатуға;
      3) шикі сүт тағамдарын базарға сатуға және қоғамдық орындарда тамаққа пайдалануға;
      4) сау мал мен ауруға шыққан малдарды бір орында ұстауға және бірге қосып жайуға;
      5) бруцеллез ауруы шыққан жердегі суат пен жайылымдарды сау малдарға пайдалануға;
      6) бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға;
      7) оларды тез арада оқшаулап, асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізіледі.
      3. Залалды ошақты сауықтырудың кешенді іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін, орындалысы ауыл округі әкімінен, тиісті мекеме басшыларынан сұралсын.
      4. Залалды ошақтарда жүргізілетін ауылшаруашылығы малдарын сауықтыруға бағытталған ветеринариялық іс-шаралардың орындалысына қадағалауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Х. Хасенов (келісім бойынша) ұйымдастыру сұралсын.
      5. Шет аудандық медициналық бірлестігі Х. Әбітаева адамдар денсаулығын қорғаудағы шараларды орындауды қамтамасыз ету сұралсын.
      6. Шет ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Қ. Мұқашев (келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, оларды жедел емдеумен қамтылуын және аурудан сауықтыру шараларының жүргізілуін қадағалау сұралсын.
      7. Шет ауданының ішкі істер бөлімі А. Қанафин (келісім бойынша) ауыл округіне қарасты мал басының, мал өнімдерінің сыртқа шығуы, сырттан кіруі құжаттарын жергілікті ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары арқылы тексерулері сұралсын.
      8. Бруцеллез ауруынан сауықтыру ветеринариялық шараларының мүлтіксіз орындалуына бақылау, басшылық жасау Нұраталды ауыл округінің әкімі С. Ахимбеков қамтамасыз етсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді.
      10. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.К. Жүніске жүктелсін.

      Шет ауданының әкімі                        Қ. Тілеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шет аудандық аумақтық
      инспекциясының бас мемлекеттік
      ветеринариялық инспекторы                  Х.Х. Хасенов
      2009 жылғы 28 тамыз

      Шет ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          А.Н. Канафин
      2009 жылғы 28 тамыз

      Шет ауданы бойынша Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы                       Қ.Қ. Мұқашев
      2009 жылғы 28 тамыз

Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 19/5 қаулысына
қосымша

Шет ауданының Нұраталды ауыл округін ірі қара малының бруцеллез ауруынан сауықтыруға арналған кешенді іс жоспары

N

Іс–шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Жұмыстың орындалуына жауаптылар

1

Ірі қара малының бруцеллез қоздырғышының сүт және басқа да мал өнімдері арқылы таралмауына шаралар қолдану

Тұрақты

Аудандық аумақтық инспекциясының, ауылдық округтің мем. вет. инспекторлары және мал иелері

2

Бруцеллезбен ауырған (оң нәтиже берген) малдарды айдау және тасымалдауға тиым салу (ветеринариялық-санитариялық ережені сақтап, ет өңдейтін цехтарға ауру малдарды тасымалдаудан басқа

Залалды ошақ толық сауыққанша

Ауылдық округтің мем. вет. инспекторлары, шаруа қожалығы басшылары, мал иелері

3

Ауылдық округтегі оң нәтиже берген малдардың 5 күн ішінде сойылып, етке өткізілуін қамтамасыз ету

Толық сауықтырылғанша

Ауылдық округтің мем. вет. инспекторлары, шаруа қожалығы басшылары, мал иелері

4

Шаруа қожалықтарының және жеке меншік малдарының жыл бойы толыққанды азықтануын және жабық су көздерінен суарылуын қамтамасыз ету

Тұрақты

Шаруа қожалығы басшылары, мал иелері

5

Нұраталды ауылдық округінің аумағын бруцеллез ауруынан сауықтыру үшін:
а) ереже бойынша қолда бар малдың қанын әр 15-20 күнде, қатарынан 2 рет теріс нәтиже алғанша тексеру;
б) аналықтарды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру;
в) мал қораларының табалдырығының екі жағына дезинфекциялық қораптар орнатып, үнемі дәрі ерітіндісімен толтыру;
г) мал қораларындағы жұмыс құралдарын (күрек, айыр, балта, кетпен т.б) дәріге батырып қою және барлық жарамсыз арнайы киімдер, аяқ киімдер, құны төмен құрал-жабдықтарды жою;
ғ) мал күтушілер бұрышын жабдықтау (арнайы киім, алжапқыш, резеңке қолғап және т.б, қол жуғыш, қолды зарарсыздандыратын дәрі ерітіндісі);

Тұрақты сауықтырылғанша

Мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының бақылауымен, шаруа қожалығы басшылары, мал иелері, лицензиялы ветеринар мамандары

6

Мал соятын орын салу

2010 жылдың ІІ тоқсаны

Аудан әкімдігі, ауылдық округтің әкімі

7

Ауру мал (оң нәтиже) тұрған қораға, сау малды кіргізбес бұрын тиянақты механикалық тазалаудан және санитариялық жөндеу өткізу, серуендейтін алаңға және басқа нысандарға, бөлмелерге дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау

2010 жылдың маусым - шілде айларында

Шаруа қожалығы басшылары мал иелері, лицензиялы-ветеринар мамандары

8

Бруцеллезбен ауырған немесе оң нәтиже берген малдың қиын, төсенішін және қалдық азығын жою және зарарсыздандыру. Қиды арнайы белгіленген жерге жалдап үйіп, үстін топырақпен жапқан соң тыңайтқыш ретінде тек бір жылдан соң пайдалануға рұқсат беру

Тұрақты

Ауылдық округтің әкімі, шаруа қожалығы басшылары мал иелері

9

Ветеринариялық іс шаралар өткізілген және жануарлар болған жерге, еріксіз және қорытынды дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізу

Тұрақты

Ауылдық округтің мем. вет. инспекторы, лицензиялы ветеринар маманы, шаруа қожалығы басшылары мал иелері

10

Шектеуді алардан бұрын, жөндеу жүргізілген қораларға қорытынды дезинфекция жасау және дезинфекцияның сапасын зертханалық тексеріспен анықтау

2010 жылдың қыркүйек - қазан айларында

Ауданның, селолық округтің мем вет инспекторлары, лицензиялы ветеринар мамандары

11

Залалды бруцеллез ошағынан шектеуді алар алдында, сол аумақтағы барлық қой, ешкі малын, сонымен қатар басқа да мал түліктерін ереже бойынша бруцеллезге тексеру

2010 жылдың қыркүйек – қазан айларында

Ауданның, ауылдық округтің мем. вет. инспекторлары, лицензиялы ветеринар мамандары, шаруа қожалығы басшылары, мал иелері

12

Халық арасында бруцеллез ауруының алдын алудағы санитариялық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Аумақтық инспекциясының және ауылық, кенттік округтардың мемлекеттік вет. инспекторлары

13

Қатарынан екі рет теріс нәтиже алынып, қорытынды іс шара жүрген соң, шектеу алынсын

2010 жылдың қараша айы

Аудан әкімдігінің қаулысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады