Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдарын қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 13/6 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 маусымда N 8-4-148 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 5/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.03.09 N 5/14 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (1 жылдан астам);
      2) оқу орындарының бітірушілері;
      3) Приозерск қаласының ұйымдарың, кәсіпорындарының, мекемелерінің санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған адамдар;
      4) 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер.
      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (З.А. Медетбекова) қосымша нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытылы қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады