Әлеуметтік жұмыс орындарымен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 1370 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 02 маусымда N 10-1-113 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы N 2592 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.03.04 N 2592 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 және "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулыларына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы;
      2) кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К. Ембергенова):
      1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;
      2) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на Қызылорда қаласының әкімдігіне және "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                               М. ЕРГЕШБАЕВ

Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2009 жылғы
20 мамыр N 1370
қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы

      Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009.11.20 N 2156 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ереже халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарды реттейді.
      2. Бұл ережеде пайдаланған негізгі түсініктер:
      әлеуметтік жұмыс орындары – халықтың мақсатты топтарынан, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар, жоғарғы, арнайы-орта орта-кәсіби оқу орындарын бітірушілер, жұмыс берушінің жойылуына, жұмысшылар санының немесе жұмысшы кестесінің қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары;
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

      5. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарынан, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар мен жартылай жұмыспен қамтылғандардың, әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысын өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөніндегі жұмыс берушімен (меншік түріне қарамастан) еңбек шартын жасайды.
      6. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалған еңбек шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбек шартының талаптарына сәйкес атқарылған жұмыстарына еңбек ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту уәкілетті органы мен жұмыссыз арасындағы еңбек шартқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына белгіленген қаржыдан 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде және жұмыс берушінің өз қаржысы есебінен 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде жүзеге асырылады. Жалпы еңбек ақы көлемі 30 000 (отыз мың) теңге.

4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау

      10. Әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын ұйым жасаған еңбек шарттары негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс беруші ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
      11. Жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес әлеуметтік жұмыстарды орындауға жасалған шарттың бұзылуы тиіс.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша заң органдарымен жүзеге асырылады.

Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2009 жылғы
20 мамыр N 1370
қаулысымен бекітілген

Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру қағидасы

      Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009.11.20 N 2156 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай-жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай-жұмыс беруші).
      4. Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне асыру мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
      5. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      7. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      8. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      9. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы;
      2) жасы 29-ға дейінгі азаматтар.
      10. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      11. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен еңбек шарттын жасайды. Еңбек шартында қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Еңбек шарты алты айға дейін жасалынады.
      12. Осы еңбек шарт негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен, жұмыс берушіге жолдама береді.
      13. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған еңбек шартты немесе жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

3. Тараптардың құқығы мен міндеті:

      14. Еңбек шартының уақыты біткен жағдайда, жұмыс беруші қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      15. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны еңбек шартының уақытының бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылдай алады. Жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.
      16. Еңбек шартының уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.

4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      17. Жастар тәжірибесін өткізу мемлекеттік бюджеттен "Жастар тәжірибесін ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
      18. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысын төлеу  еңбек шартына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде жалақы төленеді.
      19. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады