Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 21/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық әділет басқармасында 2009 жылы 14 қазанда N 10-1-118 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 37/10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 37/10 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесі" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуы Қызылорда қалалық мәслихатының өндіріс, шаруашылық және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясымен (Қ.Сақтағанов) және Қызылорда қаласы әкімдігімен қадағалансын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезекті ХХІ сессиясының төрайымы          Н. ЖАППАРОВА

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                      И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
       2009 жылғы 24 қыркүйектегі
кезекті ХХІ сессиясының
N 21/4 шешімімен бекітілген

Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстаудың
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1.1. Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстаудың Ережесі (бұдан әрі Ереже) – Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне сәйкес дайындалып, адамдар мен жануарлардың қатар өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастыру, аулалардың санитарлық тазалығы мен абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау тәртіптерін белгілейді.
      1.2. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарлар ауылшаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар, ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың барлық түрлері (мүйізді ірі қара, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралары, бағалы тері аңдары мен қояндар), сонымен қатар олардың будандары;
      2) жануардың егесі меншік түріне қарамастан өзінің жеке меншігінде немесе басқа иелігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
      3) жануарларды күтіп ұстау жануарлар егелерінің жануарларының денсаулығын сақтауға, ветеринариялық санитарлық талаптарды сақтай отырып жоғары бағалы тұқым алуға, сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздігін, аулалардың санитарлық тазалығы мен абаттандыруға, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауға жасаған әрекеті.
      1.3. Осы Ереже талаптары Қызылорда қаласы аумағында тұратын барлық жануарлардың егелеріне әрекет етеді.

2. Жануар егесінің құқығы мен міндеттері

      2.1. Жануар егесінің құқықтары мен міндеттері "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңында және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының      2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінде қарастырылған.

3. Көшелерде бей-берекет жүретін малды ұстап, қамайтын
кәсіпорынның міндеті

      3.1. Көшелерде бей-беркет жүрген малдарды ұстау, оны қамау жұмыстарын "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізеді.
      3.2. "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:
      1) қамауға алынған жануарларды азықтандыру үшін мал түрлеріне қарап тәуліктік мал азықтық (рацион) лимитін жасайды;
      2) қамауға алынған жануарларды ұстағандығы жөнінде "Қызылорда қаланың ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Қызылорда қалалық әкімшілігіне хабарлайды;
      3) егесі табылмаған жануарлардың Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246 бабына сәйкес ірі қара малы алты ай және уақ малдар екі ай мерзімнен кейін кәсіпорынның балансына өтеді;
      4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлі тақырыпта ақпараттар беріп және атқарылған жұмыстары жайлы мақалалар жариялап отырады;
      5) қала әкімігімен бірлесе отырып ұсталып, қамалған жануарларға кеткен шығынның негізінде айыппұлдың көлемін анықтайды.
      3.3. Көшеде бей-беркет жүрген малдарды ұстап, қамау үшін кәсіпорын жанынан құрамында 5 адамнан кем емес етіп жасақталған, қажетті техникалар мен құрал жабдықтармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етелген арнайы топ ұйымдастырылады.

4. Жануарларды сату және сатып алу

      4.1. Жануарларды сату және сатып алу жануарлар сататын арнайы базарларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      4.2. Басқа мемлекет аумағынан жануарларды Қызылорда қаласына әкелу және одан әкету өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады;
      4.3. Жануарларды қаладан тысқары жерге тасымалдау (орын ауыстыру) және әкелу бекітілген үлгідегі ветеринариялық куәлік болған жағдайда ғана іске асырылады.

5. Жануарлар егелерінің осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілігі

      5.1. Осы Ережені бұзған жануарлардың егелері "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады