Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 24/4 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2265 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 28 желтоқсанда N 10-1-124 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 4 және 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 5 хаттамаларына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата мөлтек ауданы бойынша атауы жоқ 6 (алты) көше:
      1) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы алтыншы көше "Көкбөрі" атауымен аталсын;
      2) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы жетінші көше түркілердің атақты батыры болған "Күлтегін" есімімен аталсын;
      3) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы сегізінші көше сыр елі орналасқан ойпат, географиялық атау "Тұран" атауымен аталсын;
      4) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы алтыншы көше "Ынтымақ – 1" тұйығы атауымен аталсын;
      5) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы жетінші көше "Ынтымақ – 2" тұйығы атауымен аталсын;
      6) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы сегізінші көше "Ынтымақ – 3" тұйығы атауымен аталсын.
      2. "Сәулет" мөлтек ауданы бойынша атауы жоқ көшелер:
      1) М. Шоқай көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы 1–ші көше "Сәулет - 11" атауымен аталсын;
      2) Ж. Бекқожаев көшесіне перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 5 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-12", "Сәулет-13", "Сәулет-14", "Сәулет-15", "Сәулет-16" атауларымен аталсын;
      3) Қойсары батыр көшесінің оң жағында перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 18 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-18", "Сәулет-19", "Сәулет-20", "Сәулет-21", "Сәулет-22", "Сәулет-23", "Сәулет-24", "Сәулет-25", "Сәулет-26", "Сәулет-27", "Сәулет-28", "Сәулет-29", "Сәулет-30", "Сәулет-31", "Сәулет-32", "Сәулет-33", "Сәулет-34", "Сәулет-35" атауларымен аталсын;
      4) Қойсары батыр көшесінің оң жағында параллель орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-36", "Сәулет-37", "Сәулет-38" атауларымен аталсын;
      5) Қ. Ажаров көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан үшінші көше танымал ақын Мұқағали Мақатаев есімімен аталсын;
      6) Қ. Ажаров көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан бесінші көше Кеңес Одағының батыры Георгий Никитович Ковтунов есімімен аталсын;
      7) М. Исаев көшесіне (Астана даңғылы мен Ж. Бекқожаев көшесі аралығы) параллель орналасқан көше Қызылорда қаласының архитектуралық келбетін көркейтуге ерекше үлес қосқан архитектор Мәлік Қинаятұлы Сапарғалиев есімімен аталсын.
      8) М. Исаев көшесіне перпендикуляр (сол жақ) Бейбарыс Сұлтан көшесі аралығында орналасқан көше – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Рахымбай Төлебаев есімімен аталсын;
      9) Жібек жолы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше қазақ мәдениетіне айрықша еңбек сіңірген - суретші график, қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі - Қожахмет Қоңырқожаұлының, театр және кино суретшісі, график, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Қожықов Құлахмет Қоңырқожаұлының, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлының құрметіне "Ағайынды Қожықовтар" есімімен аталсын;
      10) Қойсары батыр көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше мемлекет қайраткері, Қазақ ССР сыртқы істер Халық комиссарының орынбасары, Қазақ ССР жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары қызметтерін атқарған Арбап Сарынов есімімен аталсын.
      3. "Береке" саяжайында орналасқан шартты атаулы көшелер:
      1) шартты атауы "Береке – 1" көшесі "Алмалы" атауымен аталсын;
      2) шартты атауы "Береке – 2" көшесі "Жиделі" атауымен аталсын;
      3) шартты атауы "Береке – 3" көшесі "Бәйшешек" атауымен аталсын;
      4) шартты атауы "Береке - 4" көшесі "Талап" атауымен аталсын;
      5) шартты атауы "Бесінші көше" көшесі "Мәуелі" атауымен аталсын.
      4. Ипподром, Арай тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелер:
      1) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан бірінші көше қазақтың ұраны әрі жанама екінші атауы "Алты Алаш" атауымен аталсын;
      2) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан мөлтек аудандағы екінші көше қазақтың тұңғыш археологі Әлкей Марғұлан есімімен аталсын;
      3) Қорсан ата көшесінің Жібек жолы көшесі бағыты бойынша параллель орналасқан көше қазақтың шыншыл, әділ хандарының бірі Қасым хан есімімен аталсын;
      4) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан бірінші көше – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы хандардың бірі Есім хан есімімен аталсын;
      5) Яксарт көшесіне параллель, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (сол жақ) орналасқан бірінші көше ғұн тайпасының көсемі Аттила есімімен аталсын;
      6) "Жібек жолы" каналы бойында орналасқан көше - үш жүздің пірі, діни қайраткер, әулие Мүсірәлі Әжіқожа есімімен аталсын;
      7) Яксарт көшесіне параллель, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр орналасқан екінші көше – қазақ жеріндегі ежелгі қала "Шірік Рабат" атауымен аталсын;
      8) Яксарт көшесіне перпендикуляр орналасқан М. Әбдіразақов көшесімен түйісетін көше - ауылшаруашылығы саласының өркендеуіне зор үлес қосқан, құрметті азамат, "Даңқ" орденінің иегері Жұмабай Әбдіреев есімімен аталсын;
      9) Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (С. Жүнісов көшесінің тұсы) орналасқан көше – білім саласының дамуына ерекше еңбек сіңірген, Сыр елінің азаматы Нурумов Есқазы есімімен аталсын;
      10) Мөлтек аудан сызба картасы бойынша 10 нөмірмен белгіленген көше әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Кетебай би есімімен аталсын;
      11) Ұсынылған Б. Момышұлы көшесіне параллель (сол жақ) бірінші көше Сыр елінің перзенті, журналист Тойбазар Елемесов көшесі болып аталсын;
      12) Қорасан ата көшесі мен С. Бекшорин көшесіне перпендикуляр орналасқан көше қазақтың аяулы ақын әрі сазгері Қасым Аманжолов есімімен аталсын;
      13) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан екінші көше танымал жазушы, драматург Оралхан Бөкеев есімімен аталсын;
      14) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан үшінші көше жазушы, қазақ әдебиетінде роман жанрын дамытуға үлес қосқан Ілияс Есенберлин есімімен аталсын;
      15) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан төртінші көше – жазушы Бердібек Соқпақбаев есімімен аталсын;
      16) Ипподромға тірелетін (оң жақ) параллель орналасқан екінші көше соғыс және еңбек ардагері Смағұл Ысқақов есімімен аталсын;
      17) Ипподромға тірелетін (оң жақ) параллель орналасқан бірінші көше ақын, жырау, білікті шежіреші Үбсұлтан Аяпов есімімен аталсын;
      18) Мөлтек аудан сызба картасы бойынша 18 нөмірмен белгіленген көше қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын Төлеген Айбергенов есімімен аталсын.
      5. СПМК - 70 тұрғын ауданы бойынша:
      1) Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (сол жақ) орналасқан бірінші көше "Сыр Ана" атауымен аталсын;
      2) Сыр сұлуы көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан бірінші көше "Ақтөбе" атауымен аталсын;
      3) Осы көшеге перпендикуляр орналасқан ұзындығы 200-250 метрге жуық 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Ақтөбе - 1" "Ақтөбе - 2", "Ақтөбе-3" тұйықтары атауларымен аталсын;
      4) Дамба жағалауынан параллель бастау алатын көше "Қызылжар" атауымен аталсын.
      5) Осы көшені қиятын ұзындығы 200-250 метр болатын қысқа 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Қызылжар - 1", "Қызылжар - 2", "Қызылжар - 3" тұйықтары атауларымен аталсын;
      6) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан төртінші көше "Орынбор" атауымен аталсын;
      7) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан бесінші көше "Тараз" атауымен аталсын;
      8) Сыр сұлуы көшесін (сол жақ, дамба жағынан) қиып өтетін бірінші көше "Каспий" атауымен аталсын;
      9) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше "Орал" атауымен аталсын;
      - Осы көше бойындағы қысқа көше "Орал" тұйығы атауымен аталсын;
      10) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін бірінші көше "Ақтау" атауымен аталсын;
      11) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін екінші көше "Атырау" атауымен аталсын;
      12) Сыр сұлуы көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін төртінші көше "Жайық" атауымен аталсын;
      6. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
кезектен тыс ХХІV сессиясының төрағасы        Қ.ІЛИЯСОВ

     Қызылорда қаласының әкімі                М.ЕРГЕШБАЕВ

     Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы                          И.ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады