Қазалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 153 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 03 қарашада N 10-4-104 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы N 356 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012.12.11 N 356 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХVІІ
      сессиясының төрағасы                          Қ. Әлімбай

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                  Т. Бөріқұлақов

Аудандық Мәслихаттың
      2009 жылғы 30 қыркүйектегі
      N 153 нормативтік құқықтық
      кесіммен бекітілген

Қазалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-
      ұстаудың Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Ветеринария туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген. Ереже Қазалы ауданының аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу тәртібін реттейді.
      2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі - Иелер) қолданылады.
      3. Осы Ереже Қазалы ауданы аумағында әрекет етеді.
      4. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ит – көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
      2) мысық – көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
      3) жануардың иесі - ит пен мысықтың асыраушы, күтуші адам не болмаса иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
      4) иесіз жануарлар - тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
      5) иттер мен мысықтарды серуенге шығару - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.

2. Иттер мен мысықтардың иелері жүзеге асыруға тиіс

      5. Иттер мен мысықтардың иелері төменде көрсетілген мәселелерді ұстану керек:
      1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, жануарларға адамгершілікпен қарау, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне сүйену;
      2) иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын, тыныштықты жағдайын қамтамасыз ету;
      3) жануарларды түрлеріне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) иттерді серуенге осы мақсаттар үшін тек қана арнайы белгіленген орындарға шығару;
      5) жалпы пайдалану орындарының ластануын жою;
      6) иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды қауып алу, жарақаттау жағдайларында жедел түрде медициналық мекемелерге, ветеринарлық мекемеге хабарласып, ветеринар-маманның бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;
      7) ит немесе мысық Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген аурулар түрімен ауырған деп танылған жағдайда, аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспектордың шешімімен немесе соттың шешімі болған жағдайда ғана иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Егер де ит пен мысық науқас емес деп танылса, онда ол иесіне қайтарылуы тиіс. Сонымен қатар, ит немесе мысық иелерінен адамға жарақат келтірген жағдайларда, қауып алғанда, адамға берілетін аурулардың немесе қауіпті аурулардың болуын тексеру үшін алынуы мүмкін;
      8) жануарлардың өлген өлексесін жоюды қамтамасыз ету. Жануар өлген жағдайда, өлексені жерлеуді тек қана мал қорымы аумағында жүзеге асыру;
      9) күзетші иттердің иелері, қорғайтын әр түрлі аумақтарында ескерту жазу орналастыру қажет.

3. Жануарлар иелерінің құқығы

      6. Кез келген иесі бар жануарлар қожасының меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау

      7. Рұқсат етіледі:
      1) жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде, пәтерлерде ұстауға;
      2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға басқа да орындарға шығаруға.
      8. Рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас және іс-әрекетке қабілетсіз, ақыл-есі кеміс азаматтарға иттерді қыдыртуға және де итпен шығуға;
      2) жануарларды жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберістерде, жертөлелерде, шатырдың астыларында, аулада, көп қабатты үйлерде ұстауға;
      3) ашық балкондарда және лоджияларда ұстауға;
      4) кіреберістерді, көшелерді, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды, саябақтарды және басқа да аумақтарды ластауға;
      5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру, сауда мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге.
      9. Ит пен мысық иелеріне үй жануарларының санитарлық - гигиеналық, ветеринарлық ережелерін ұстану қажет.
      10. Иттерді ұстауда ауладағы кіретін есікте, қақпада ескерту жазуын орналастыру қажет.

5. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау

      11. Қоғамдық жерлерде (вокзалдарда, көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар иесіз жүргендер болып саналады.
      12. Иесіз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын арнайы рұқсаты бар тұлғалармен аулануға жатады.
      13. Иесіз иттер мен мысықтарды аулау мен жою шараларын осы арнайы рұқсаты бар тұлғалар жүргізеді.
      14. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кент, қала, ауылдық округ әкімдерімен аулаудың жағдайлары реттелген келісім-шарт жасаған арнайы рұқсаты бар тұлғалар тарапынан жүзеге асады. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын тұлғаларға тапсырылады.
      15. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлер және арнайы көліктің жүргізушісі жануарларды аулау және тасымалдау кезінде қауіпсіздікті және ізгілікті сақтауы тиіс.
      16. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде ауланған үй жануарларын иемденуге, жеке тұлғалар мен ұйымдарға сатуға немесе беруге рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады