Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін реттеуге байланысты қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 04 мамырдағы N 135 шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінің Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 25 мамырда N 10-7-73 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 582 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.01.26 N 582 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 111 тармақшаларына, 18 бабының 3 тармағына, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 235 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың
      кезектен тыс ХV сессиясының төрағасы,
      Аудандық Мәслихат хатшысы                       С. ДҮЙСЕБЕКОВ

Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
4 мамырдағы кезектен тыс ХV
сессиясының N 135 шешіміне
1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың
ҚАҒИДАСЫ

      Осы қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      
      1. Бұл қағида халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарын реттейді.
      2. Бұл қағидада пайдаланған негізгі түсініктер:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) нысаналы топтар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
      3) нысаналы топтарға жататын (табысы аз адамдар) азаматтар:
      жиырма бip жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті; көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар, оқу орындарын бітірушілер; жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар; жартылай жұмыспен қамтылғандар; ұзақ мерзімді жұмыссыздар.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
      5. Әлеуметтік жұмыстардың ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

      
      1. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарының әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі халықтың нысаналы топтарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
      Жұмыс берушінің өз ақшасынан емес тиісті бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төлеуді қаржыландыратын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізімге кірмейді.
      3. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары.

      
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің жеке еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай-сайын жүзеге асырылады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту уәкілетті органымен жұмыссыз арасындағы келісім шартқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлемге төленеді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы әлеуметтік топтар үшін 6 айлық мерзімге жергілікті атқару органдары ұйымдастыратын болады. Бір адамға жергілікті бюджеттен бөлінетін орташа еңбекақысы 15,0 мың теңгені құрайтын болады.
      5. Жұмыстан қысқарған және басқа да азаматтардың әлеуметтік жұмыс орнына орналасуы - келісім шарт негізінде жүргізіледі.

4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау.

      
      1. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын уәкілетті органға қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
      2. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс. Ұйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға себептерін көрсетіп ескертуі тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
4 мамырдағы кезектен тыс ХV
сессиясының N 135 шешіміне
2 қосымша

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру
ҚАҒИДАСЫ

      Осы қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес, арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ереже

      
      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда (әрі қарай жұмыс беруші). ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне асыру республикалық бюджеттен бөлінетін трансферт арқылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай уәкілетті орган) жүргізеді.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      
      1. Уәкілетті орган жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі.
      1) жұмыссыз азаматтардың саны-кәсіби оқу орындарын бітірушілердің уәкілетті орган тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастар санының өсуі;
      3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін кәсіби оқу орындарын еңбек өтілінің болмауы.
      3. Уәкілетті орган жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      4. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, уәкілетті орган тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      5. Үміткерлер іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің уәкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      2) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа толғанға дейінгі азаматтар;
      4) демалыс кезіндегі студенттер.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      7. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен келісім шарт жасайды. Келісім шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Келісім-шарт 6 айға жасалынады, ең төменгі мерзім 3 ай.
      8. Осы келісім-шарт негізінде уәкілетті орган жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама беріледі.
      9. Уәкілетті орган берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігін уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
      10. Жастар тәжірибесіне қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жеке келісім-шарт жасап, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық береді.
      11. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған жеке келісім-шартты немесе жұмысқа қабылданған жөнінде мәлімет уәкілетті органға тапсырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен шарттары:

      
      1. Егер жеке еңбек келісім-шартының міндеттерінің орындалуы бұзылған жағдайда жастар тәжірибесі жағының ұсынысымен жеке еңбек келісім-шарты Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұзылады. Осы келісім-шарт бұзылғаны жөнінде жұмыс беруші уәкілетті органға мәлімет жібереді.
      2. уәкілетті орган жұмыс берушімен келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуына болады, егер жастар тәжірибесіне қатысушының құқығы мен міндетіне нұқсан келген жағдайда.
      3. Жеке келісім-шарттың мерзімі біткен жағдайда, не болмаса мерзімінен тоқтатылған жағдайда жұмыс беруші уәкілетті органға хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда мәлімет береді.
      4. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны келісім-шарттың мерзімінің бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылданады.
      5. Келісім-шарттың мерзімі біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.

4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      
      1. Жастар тәжірибесін өткізу жергілікті бюджеттен "Қоғамдық      жұмыстарды ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
      2. Жұмыс орнына мамандығы бойынша рұқсат беруге қосымша кәсіби даярлау жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа оқыту бағдарламасы арқылы төленеді.
      3. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысының төлеу және жеке еңбек келісім-шартына сәйкес уәкілетті орган арқылы Қазақстан Республикасының заңнамаларында ең төменгі жалақы көлемінде төленеді.
      4. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы олардың      жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      5. Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен атқарған жұмысының      көлемінде сапасына,күрделілігіне байланысты жастар тәжірибесі жоғарғы оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіруші түлектерге көрсетілетін мемлекеттің қосымша қолдауы болып табылады және ол жергілікті атқару органдарының қалауы бойынша қолданылады.
      6. Жастар тәжірибесінің мерзімі 6 айдан аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады