Азаматтарды Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы

Жаңа

Ақтау қаласы әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 362 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылдың 6 қаңтарында № 11-1-122 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Ақтау қаласының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан ересек жастағы азаматтарды тіркеуді өткізсін.

      2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қою үшін қажетті уақытқа, жасөспірімдерді жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К.Хитуовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Бекбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады