Қарақия ауданында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 155 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 шілдеде № 11-4-89 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 26.01.2012 № 9 қаулысымен.
      Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жастардың іс - тәжірибесін ұйымдастыру Ережесі бектілсін.
      2. Жастардың іс-тәжірибесіне жұмыссыз жастардың жіберілуін және олардың еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Е.Бегниязовқа міндеттелсін.
      3. Жергілікті және республикалық бюджет есебінен Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыруды қаржыландыру экономика және қаржы бөліміне М.Қыдырқожа тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Батаев

      Келісілді:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Г.Сүйеуова
      10 маусым 2009ж

      Аудан әкімінің аппарат басшысы
      С.Мұқанов
      10 маусым 2009ж

      Әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің жетекшісі
      С.Молжігітов
      10 маусым 2009ж

      Қарақия аудандық экономика және қаржы
      бөлімінің бастығы
      М.Қыдырқожа
      10 маусым 2009ж

      
      Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы
      Е.Бегниязов
      10 маусым 2009ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады