Түпқараған ауданы әкімдігінің "2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы" 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 195 қаулысы. Түпқараған ауланының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда № 11-6-93 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің «2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы» (Аудандық әділет басқармасында 05.03.2009 жылы № 11-6-87 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 25.03.2009 жылғы № 16-17 сандарында ресми жарияланған) 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы нысаналы топтар тізбесінің он үшінші бағаны «Жұмыс орнынан қысқарғандар», ал он төртінші бағаны «Оқу орнын бітірушілер» сөздерімен толықтырылсын.

      2.Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.

      3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С.Ө.Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      О.Б.Жарылғапова
      Г.Н.Демеуова

      С.Қ.Қани
      Аудандық экономика және қаржы
      бөлімінің бастығы
      06 мамыр 2009 жыл

      Д.С.Шүкірбаева
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
      06 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады