Форт-Шевченко қаласынан жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Түпқараған ауданды мәслихатының 2009 жылғы 11 қыркүейктегі № 21/138 шешімі және Түпқараған ауданды әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздың № 306 қаулысы. Түпқараған ауданда Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 қазанда № 11-6-103 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Форт-Шевченко қаласының халқының пікірін ескере отырып және Түпқараған аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 2 мамырдағы, 2007 жылғы 11 қазандағы, 2008 жылғы 19 маусымдағы қорытындыларының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/191 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 113 бірлескен шешімі мен қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Форт - Шевченко қаласынан жаңадан пайда болған көшелерге келесі:

      № 1 көшеге Дәулетова Ермек – Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген мұғалімі;

      № 2 көшеге Тобышбаев Дүйіш - еңбек ардагері;

      № 3 көшеге Бозақаров Ораз – Ұлы Отан соғысының ардагері;

      № 4 көшеге Масатов Сауытбай – қоғам және мемлекеттік қайраткері;

      № 5 көшеге Қожабеков Тілеумұрат – қоғам және мемлекеттік қайраткер;

      № 6 көшеге Бимағанбетов Мұстахи Ләтіпұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері;

      № 7 көшеге Астана – қазақ елінің елордасы;

      № 8 көшеге Елубаев Ұлан – шаруашылық және мемлекеттік қайраткер;

      Форт - Шевченко қаласы, Қарабөгеже жерінен жаңадан пайда болған көшелерге:

      № 1 көшеге Өтепбергенов Икембай – қоғам қайраткері;

      № 2 көшеге Байбоз Қилыбайұлы – қоғам қайраткері атаулары берілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/191 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 113 бірлескен шешімі мен қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы: Р.Мәдібаев
     
      Аудан әкімі: С.Трұмов
     
      Аудандық мәслихат хатшысы: А.Досанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады