2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 29 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қаңтарда № 9-3-100 тіркелді

     Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағының 2)тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын кәсіпорындардың тізбесі және олардың түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қосымша тізбеде көрсетілген кәсіпорындар басшылары "Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарттарды жасасу үшін нақты жұмыс түрлерін есепке алсын.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу әкімдіктің 2003 жылғы 3 қарашадағы № 286 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекіту туралы" қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 2590 нөмірімен тіркелген, "Торғай" қалалық апталық газетінде 2003 жылдың 12 желтоқсандағы 49-нөмірінде жарияланған), кейін 2006 жылғы 10 мамырдағы № 250 "2003 жылғы 3 қарашадағы № 286 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 9-3-32 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде 2006 жылдың 7 шілдесінде 26 (100) - нөмірінде жарияланған), 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 95 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 9-3-85 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде 2008 жылдың 2 мамырдағы 18 (195) - нөмірінде жарияланған) қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен талаптары туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      4. "Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеу қалалық бюджеттен төленетіндігін, жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төлеген ақы шығыны тиісті жылдың республикалық бюджеті туралы Заңымен бекітілген ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінде қалалық бюджет қаражатынан өтелетіндігін есте ұстасын. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

      Арқалық қаласының әкімі                    А. Мұхитбеков

Қостанай облысы            
Арқалық қаласы Әкімдігінің 
2009 жылғы 14 қаңтардағы   
№ 29 қаулысына қосымша     

2009 жылы жұмыссыздар үшін қоғамдық
жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындардың тізбесі
және олардың түрлері мен көлемдері

      Ескерту. Қосымшаға 2 тармақша 7 тармаққа толықтырылды; Қосымшаға 9 тармақ толықтырылды Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009.04.15 № 129 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) қаулысымен.

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтітінен қараныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады