2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Мәслихатының 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 123 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда № 9-3-104 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 292 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 292 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-65 санымен тіркелген, 2008 жылғы 24 тамыздағы "Арқалық Хабары" № 34 апта сайынғы газетінде жарияланған), бұрын "2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 17 қазандағы № 18 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-71 санымен тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашадағы "Арқалық Хабары" № 46 апта сайынғы газетінде жарияланған); "2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 24 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-76 санымен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы "Арқалық Хабары" № 4 апта сайынғы газетінде жарияланған) шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
      4-бөлімдегі 21-тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:
      "21. Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен тағайындайтын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің әйелдері (ерлері) қайтадан некеге отырмағандар үшін, Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардабын жоюға қатысушылар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар, жұмыссыз және жұмыс істемейтін мүгедектер болып табылатын Ауғаныстандағы соғыс әрекеттеріне және басқа да оқшау соғыстарының қатысушылары, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты мүгедек әйелдерге зейнетақылардың барлық түрлері және оларға әлеуметтік төлемдер".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы                                   А. Жанбаев

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Ағуанов

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады