Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 151 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда № 9-3-109 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 330 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009.09.24 № 330 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-99 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде 2009 жылдың 30 қаңтарындағы 4 (233)-нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      қосымша абзацтармен толықтырылсын:
      "жұмыс беруші (заңды тұлға) таратылған не жұмыс беруші (жеке тұлға) қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылғандар";
      "қызметкерлерге саны немесе штаты қысқартылуына байланысты босатылғандар";
      "толық емес жұмыс уақытының режимінде жұмыс істейтін тұлғалар";
      "жеті жасқа дейін бала күтімімен отырған, оның ішінде аз қамтылған немесе жұмыссыз тұлғалар".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Т. Төлеубаев    

      КЕЛІСІЛДІ

      "Арқалық қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________М. Сүлейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады