Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 61 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-5-83 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 274 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009.10.07 № 274 (қолданысқа енгізу тәртібін т.4 қараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасы негізінде және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 2-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
      3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 16 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-5-59, 2008 жылғы 27 наурыздағы № 12 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы                                   К. Таңқыбаев

Әкiмдіктің          
2009 жылғы 18 ақпандағы   
№ 61 қаулысымен бекітілген 

Халықтың нысаналы топтарына
жататын тұлғалардың тiзбесi

      Аз қамтылғандар;
      жиырма бір жасқа дейiнгi жастар;
      балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлiкке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      оралмандар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп) кәсiби, орта-арнаулы және жоғары бiлiм беру ұйымдарының түлектері;
      болашағы жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан жоғары);
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      курстық дайындықтың түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады