Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда № 9-6-89 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

Аманкелді ауданы әкімдігінің  
2009 жылғы 19 наурыздағы    
№ 45 қаулысына қосымша     

Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға
жататын тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. Қосышмаға толықтырулар енгізілді - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009.06.09 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009.10.28 № 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      1. Табысы аз адамдар;
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7. Мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. Оралмандар;
      11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар;
      12. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жатады;
      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      14. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      15. алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады