Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 105 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 26 маусымда № 9-9-105 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жангелдин аудандық шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуі қамтамасыз етілсін;
      2. Ауылдық округ, село әкімдеріне және мекеме ұйымдарының басшыларына "Жангелдин аудандық Қорғаныс Істері бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
      3. Жангелдин аудандық орталық ауруханасы шақыру комиссиясына шақырылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру, жетіспейтін дәрігер мамандарды сұраныспен Қостанай облыстық денсаулық сақтау Департаментінен алдыру және кіші медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      4. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен шақыру комиссиясының жұмыстарын сапалы өткізу үшін шақыру пунктін жабдықтауға, материалдық техникалық, кеңсе жабдықтары және шақыру пунктін ағымдағы жөндеуден өткізуге "Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырсын;
      5. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі алты айға "Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу көзделсін;
      6. "Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметті өтеу үшін әскер қатарына жіберілетін әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу іс-шараларын ұйымдастырсын;
      7. Атқарылған жұмыстар туралы "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне 2009 жылдың 30 маусымы және 2009 жылдың 30 желтоқсанына дейін ақпарат берілсін;
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін;
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкімі                                     Б. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының Қорғаныс
      Істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________________ С. Жаркин
      08.06.2009 ж.

      "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ______________________ Ә. Жаулыбаев
      08.06.2009 ж.

      "Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ А. Қабажаев
      08.06.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады