2002 жылғы 13 ақпандағы № 98 "Автотұрақтар, автожағар май құю стансасы мен базар орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін он есеге дейін артыру қолданатын аумақтағы елді мекендерді белгілеу туралы" шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы № 144 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда № 9-10-112 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданының мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 160 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Жітіқара ауданының мәслихатының 2009.22.04 № 160 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Автотұрақтар, автожағар май қую стансасы мен базар орналасқан жерлерге жер салығы ставкесін он есеге дейін арттыру қолданатын аумақтағы елді мекендерді белгілеу туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы № 98 (нөмір 1283 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Тізілімінде тіркелген, 2002 жылғы 10 сәуірде "Авангард" газетінде жарияланған) шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауында:
      "белгілеу" сөзі "анықтау" сөзіне ауыстырылсын;
      "10" цифры "он" сөзіне ауыстырылсын;
      атауында және мәтінде:
      "орналасқан" сөзі "үшін бөлінген" сөздеріне ауыстырылсын;
      "мен базар" деген сөзі алынып тасталсын;
      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      мәтінде:
      "белгілеу" сөзі "анықтау" сөзіне ауыстырылсын;
      2 тармақта "Пригородный кенті" сөздері "Пригородный ауылы" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық
      мәслихаты кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       В. Ефименко

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                     Г. Алпысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады