Қарасу ауданы елді мекендерінің аумағын көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 158 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда № 9-13-91 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 183 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009.09.25 № 183 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса ұсынылған Қарасу ауданы елді мекендерінің аумағын көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      тоғызыншы сессиясының төрағасы             М. Сауытпаев

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                          С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай облысы
      бойынша департаменті Қарасу ауданы
      бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________________ В. Кайзер
      28.07.2009 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер
      Департаменті Қарасу ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ С. Нұртаев
      28.07.2009 жыл

Мәслихатының            
2009 жылғы 28 шілдедегі 
№ 158 шешіміне қосымша  

Қарасу ауданы елді мекендерінің аумақты
көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. Қарасу ауданының елді мекендер аумағын көркейту, жасыл желектерін күту және қорғаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көркейту саласындағы қатынастарды, жасыл желектерді қорғау мен ұстауды реттейді және де меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктемелер:
      көркейту – адамның тұрған ортасында қолайлықты, жайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жұмыстар кешені. Берілген жұмыстар кешені аумақтарды жинауды ұйымдастыруды, объектілерді ұстауды, пайдалануды, жөндеу мен күзетуді ұйымдастыру және көркейту элементтерін қарастырады;
      жасыл желектер – оларға арнайы бөлінген учаскелерде және алаптарда орналасқан: бақтар, парктер, бульварлар, скверлер, газондар, гүлбақтардағы ағаштар, бұталар, гүлдер, шөптік дақылдар.
      3. Қарасу ауданының елді мекендер аумақтарын көркейту мақсатында барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
      1) тротуарларға, жаяу жүретін жолдарға, балалар алаңдарына және жол жиегі тастарына автокөліктердің өтуіне және қоюға;
      2) жайылымдардан тыс, көшелерге, скверлерге, бақтарға, орманбақтарға, стадиондарға, мектеп алдындағы учаскелерге және басқа қоғамдық орындарына мал және құстарды жайлауға;
      3) белгіленбеген жерлерде қалдықтарды лақтыруға;
      4) тиісті емес жерлерге қалдықтарды шығаруға, сондай-ақ, оларды ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге көмуге;
      5) тұрғын үй құрылысы аудандарында, скверлерде, парктерде қоқыстарды және табиғи қалдықтарды өртеуге;
      6) қоғамдық тұтыну орындарындағы(соның ішінде балалар және спорттық алаңдар элементтері) ғимараттардың тұтастығын бұзуға;
      4. Қоғамдық жерлерде, тазартылуы олардың толу шамасы бойынша жүргізілетін, урналар орналастырылады.
      Урналар тазалығының сақталуын, өздеріне белгіленген аумақты жинастыратын ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қамтамасыз етеді.
      5. Елді мекеннің аумағын үй жануары былғаған жағдайда, жануар (лар) иесі (лері) оларды тез арада жинау жүргізуі тиіс.

2. Инженерлік коммуникацияларды ұстау

      6. Инженерлік коммуникацияны жүргізетін шаруашылық субъектілері елді мекеннің көркейту объектілерінің зақымдануына мүмкіндік туғызатын инженерлік жүйелердің және құрылғылардың техникалық жағдайын үнемі қадағалауы қажет, атап айтқанда:
      1) аумақтың су басуын болдырмау;
      2) люктердің қақпақтары, жер астындағы коммуникация құдықтарының жабыны қатты жабу деңгейінде орналасуын және дұрыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      3) монтаждау ережелерін сақтамағандықтан, қайта көму және пайдаланудан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақпен жабылуының жағдайын қадағалау;
      4) сыртқы және топырақ суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырларды және дренаждарды жинау және тазалау, нөсерлік канализациялардың коллекторларын, жаңбырқабылдағыш құдықтарды тазалау қажет болған жағдайда жүргізіледі.

3. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару

      7. Тұрғын үйлер мен ұйымдардан, мекемелерден, сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындарынан және тұрмыстық қызмет аясы аумақтарынан тұрмыстық қалдықтарды шығару заңды және жеке тұлғалардың өз есебі қаражаттарынан жүргізіледі.
      8. Аумақтарында қоқысты жинау алаңдары бар кәсіпорындарға, ұйымдарға, басқа субъектілерге:
      1) осы алаңдарға кіреберіс және кіріс жолдарын жайластыру;
      2) қалдықтарды шығаруға уақытында шарттар жасау;
      3) контейнерлерде тұрмыстық қалдықтардың жағуын болдырмау.
      9. Залалсыздандыруы мал қорымында жүргізілуге тиісті малдардың өліктерін, ет өндіру кәсіпорындары қасанханаларының қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына шығаруға рұқсат етілмейді.

4. Жасыл желектерді күту және қорғау тәртібі

      10. Құрылыс, жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізгенде басшылық субъектілері мен жеке тұлғалар:
      1) өкілетті органдармен келісіп жасыл желектердің көшіруін жасау;
      2) автокөлік жолдарын, тротуарларды, жүру жолдарын, алаңдарды, төсеніш төсегенде және асфальттағанда, жасыл желектердің айналасында ұтымды ашық құнарлы кеңістікті құру мақсатында көлемі 1х1 метрден кем емес діңдік шұңқырлар қалдыру тиіс.
      11. Жасыл желектер отырғызылған аумақтарда:
      1) газондардың үстімен жүруге, ағаштарды, бұталарды кесу немесе сындыру тағы да басқа механикалық залалдар келтіруге;
      2) жасыл желектерге тұз және басқа зиян заттарды қолдануға;
      3) гүлдерді жұлуға, жемістерді түсіруге, топырақ, құм шығаруға;
      4) науалармен, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен ластауға;
      5) ғимараттар мен жабдықтарды қызметтік керек жарақтарды бүлдіруге;
      6) автокөліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы транспортты қоспағанда) жүруге;
      7) газондарға транспорт құралдарын қою және тұрақ орнатуға;
      8) от жағуға, басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
      9) ағаштарға сым, әткеншек, жіптерді қадауға, жазу жазуға;
      10) агрономикалық мерзімдерде белгіленбеген және кесу ережесін сақтамай ағаштардың ұштарын кесуге;
      11) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
      12) өз еркімен қоршау жасауға рұқсат етілмейді.
      12. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді ұдайы өндіру және қорғауды қамтамасыз етуі, тазалық сақтауы және тәртіпті ұстануы керек.

5. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

      13. Осы Ережелердің бұзылуы 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен қарастырылған жауапкершілікті тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады