Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 157 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 9-13-92 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009.09.25 № 181 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабы 2) тармағы, 311-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 8) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Қоса ұсынылған Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері бекітілсін.
       2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      тоғызыншы сессиясының төрағасы            М. Сауытпаев

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                         С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
      кешендегі мемлекеттік инспекциясы
      комитетінің Қарасу аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________________ М. Ахметов
      28.07.2009 жыл

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті
      Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________________ В. Кайзер
      28.07.2009 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер
      Департаменті Қарасу ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________________ С. Нұртаев
      28.07.2009 жыл

Мәслихатының           
2009 жылғы 28 шілдедегі     
№ 157 шешімімен бекітілген   

Қарасу ауданының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
Ережелері

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қарасу ауданы елді мекендерінде Қарасу ауданының аумағында үй жануарларды ұстауға регламенттеу мақсатында әзірленеді, (бұдан әрі - Ереже) әсіресе иттер мен мысықтарды және жеке және заңды тұлғаларға осы ережені бұзғаны үшiн жауапкершiлік белгiлейдi.
      2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтарды ұстайтын меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Иттер мен мысықтардың иелерінің жауапкершілігі

      4. Иттер мен мысықтардың иелеріне төменде көрсетілген шарттарды ұстансын:
      1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстау, оларға мейiрiмдiлiкпен қарау, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке сүйенуге;
      2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай тиісті ұстауды қамтамасыз ету;
      3) қоршаған орта қауiпсiздiгiн және тыныштық пен санитарлық ережелердi сақтауды қамтамасыз етуге қажетті шараларын қабылдау;
      4) Иттерді серуенге осы мақсаттар үшін тек қана арнайы белгіленген орындарға шығару;
      5) жалпы пайдаланымдағы және басқа да қоғамдық орындарды ластауды болдырмау;
      6) жануарлар адамдарды немесе иесiн қауып алған жағдайда ол жөнiнде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, оларды қарау және оқшаулау үшiн жануарларды мемлекеттiк ветеринарлық қызметке апару тиіс;
      7) жануарлардың өлген өлексесің жоюды қамтамасыз ету. Жануар өлген жағдайда, өлімтіктерді жерлеуге тек қана мал қорымы аумағында жұзеге асырылады;
      8) жануарларға тыйым тәртібін ұстануға керек, белгіленген мерзімде міндетті ветиринарлық шараларды өткізу;
      9) күзетші иттерінің иелері, қорғайтын әр түрлі тегінің аумақтарын, объектерін аумаққа шығуда, ескеретін жазу орналастыру қажет.

3. Жануарлар иелерінің құқығы

      5. Кез келген жануар қожасының меншігі болып табылады, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Иттер мен мысықтарды ұстау

      6. Рұқсат етеді:
      1) жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде, пәтерлерді ұстауға;
      2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулағы басқақоғамдық орындарға шығаруға;
      3) айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай сақталған болса, ит пен мысықтарды көліктің кез келген түрімен алып жүруге.
      7. рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас азамттарға әр тұқымды иттерді қытыртуға және де итпен шығуға;
      2) жануарларды жалпы пайдалынымдағы жерлерге: кіреберістерде, төлелерде, шатырлардың астыларнда, баспалдақ аладарында, аулада, көп қабатты үйлерде ұстауға;
      3) ашық балкондарда және лоджияларда жануарлар ұстауға;
      4) кіреберістерді, баспалдақаландарын, спорт аландарын, балалар аландарын, көгалдарды, торотуарларды парктер мен саябақтардың аумағын ластауға тыйым салынады, егер жануар нәжіс тастаса ол жерді жануар иесімен тазаланады;
      5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге.
      8. Ит пен мысық иелеріне үй жануарларын санитарлық-гигиеналық, ветиринарлық ережелерін ұстану қажет.
      9. Иттерді ұстауда ауладағы кіретін есікте, қақпада ескерту жазуын орналастыру қажет, айналадағыларға аландаушылық туғызатын мүмкіндігін және қауіп – қатерін туғызатын жағдайларды болдырмайтын жағдайда айнадағылар үшін иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген.
      10. дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, түрмыстық қызмет көрсету укәсіпорындарының жанына жануар иелерінің уақытша байлап қойған жануарлардан басқа қоғамдық орындарда бірге жүретін.

5. Иттер мен мысықтар иелерін жауапкершілікке тарту

      11. Иттер мен мысықтардың ұстау Ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлардың иелері жауапкершілік алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады