Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда № 9-15-105 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облыстық филиалы ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009.05.20 № 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған кәсіпорындармен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009.05.20 № 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 17 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-73, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2008 жылғы 8 ақпанда № 7 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің                  
2009 жылғы 20 мамырдағы     
№ 167 қаулысымен бекітілген 

Әкімдіктің                  
2009 жылғы 23 қаңтардағы    
№ 33 қаулысымен бекітілген  

2009 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы
әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
Қостанай облыстық филиалы ұсынатын ақылы қоғамдық
жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009.05.20 № 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтітінен қараныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады