2010 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа ттолатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 20 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 желтоқсанда № 9-15-117 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 161718-баптарын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
      1) әскери жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай- ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберу;
      2) әскери жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеруді қамтамасыз ету;
      3) аудандық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскери жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз ету;
      4) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде жұмысқа тартылатын медициналық құрамға жұмыс орындарын, атқаратын қызметтің және орта айлық жалақыларының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына дейін жеткізсін, бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезінде әскери оқу орнына түсуіне әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгі азаматпен жеке әңгімелесу жүргізсін.
      4. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу комиссиясынан өтуге келмеген бозбалаларды уақытылы іздеу және жеткізу жөнінде көмек көрсету ұсынылсын.
      6. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында көзделген қаржы есебінен жүргізсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара
      ауданының әкімі                            Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Антипов
      06.11.2009

      Қазақстан Республикасы Қостанай облысы
      әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының
      "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
      бас дәрігерінің міндетін атқарушы
      _______________________ Ә. Жұмабаева
      06.11.2009

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер департаменті Меңдіқара
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ А. Төлебаев
      06.11.2009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады