Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 73 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 19 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 9-16-85 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № 278 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес халықтың нысаналы топтарын шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілеу мақсатында Науырзым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
        1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 73 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-28 2006 жылғы 30 наурыз) келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) 3 бөлімінің 11 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға ең төменгі айлық еңбек ақы төлемнің 1,5 есебінен 50 пайыз көлемінде шағыны және ("жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналастырылғандарға ең төменгі еңбек ақы төлемнің 1,5 есебінен 100 пайыз көлемінде) бюджет қаражаты есебінен алты айдан аспайтын мерзімге дейін өтеледі".
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Өтекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады