Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 117 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда № 9-16-93 тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына, Қостанай облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 20 сәуiрдегi № 157 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2009 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы", мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 3677, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қоса беріліп отырған аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi:
      1) кестеге сәйкес әскерге шақырылушылардың дер кезінде хабардар етілуін және Науырзым ауданының шақыру учаскесiне келуiн қамтамасыз етсiн;
      2) әскерге шақырылушыларды адамдар тасымалдау үшiн арнаулы жабдықталған көлiктермен жеткізсін;
      3) қосымша медициналық тексеруге жіберілген әскерге шақырушыларға бақылау жүргізсін;
      4) әскери қызметті өтеуге жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын.
      4. "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу үшін автобус бөлсін.
      5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.
      6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша):
      1) шақыру комиссиясы өтетін күндері шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін бөлу;
      2) кестеге сәйкес әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін учаскелік полиция инспекторларын жіберу;
      3) мерзімді әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      4) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен облыстық медициналық комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін полиция инспекторларын бөлу ұсынылсын.
      7. Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына шақыру кезеңінде (келісім бойынша):
      1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен, мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен жабдықтау жөніндегі жұмысты;
      2) әскерге шақырылушыларды станционарлық тексеру, емдеу үшін аурухана палаталарында он орын бөлуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Меншiк нысанына қарамастан ұйым, кәсiпорын мен мекеме басшыларына азаматтардың медициналық комиссиядан өтуіне байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, сонымен қатар шақыру кезеңiнде медициналық комиссиядан өтуге жататын азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақталады.
      9. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.
      10. Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 10 сәуiрдегi № 83 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрi 9-16-68, 2008 жылғы 22 мамырда аудандық "Науырзым" газетiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. С. Қуатқановқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкiмi                           Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
      Департаменті Науырзым ауданының iшкi
      iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ___________________ О. Жанатов

      "Қостанай облысы Науырзым ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Қ. Сыздықов

      Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы
      денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      ___________________ С. Исмағұлова

Науырзым ауданы әкімдігiнiң 
2009 жылғы 18 мамырда       
№ 117 қаулысымен бекітілген 

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009.09.22 № 202 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Негізгі құрамы:

Халит Iлиясұлы Едiресов

- "Науырзым ауданының iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Орал Тумырзаұлы Баймурзин

- "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қостанай облысының iшкi iстер Департаментi Науырзым ауданының iшкi iстер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Рсалды Жабағықызы Бадығұлова

- Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының (бұдан әрi – "Науырзым АОА" МКҚК) дәрігер-терапевтi, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Резервтік құрамы:

Аян Тәттiбайұлы Бозаев

- "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және шақыру бөлiмшесiнiң бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Сертай Шәймерденұлы Шарафиев

- ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия құрамы:

Олжабай Файзоллаұлы Жанатов

- "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қостанай облысының iшкi iстер Департаментi Науырзым ауданының iшкi iстер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы келісім бойынша)

Сара Маруарқызы Исмағұлова

- "Науырзым АОА" МКҚК бас дәрiгерi (келісім бойынша)

Гүлжан Бағытжанқызы Ахметжанова

- "Науырзым АОА" МКҚК медициналық мейірбикесi, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Елжан Ержасланұлы Смағұлов

- "Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Алтын Ермекбайқызы Спанова

- "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының фельдшері, комиссия хатшысы болып енгізілсін (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады