"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау туралы" аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 35 "а" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 93 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 мамырда № 9-19-101 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдығы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 14.05.2014 № 120 қаулысымен (осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).


      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі Нұсқау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-17 тіркелген, "Нұрлы жол" 2006 жылғы 13 сәуірдегі) аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 35 "а" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақтағы "(Б.Д. Сәкенова)" деген сөздері шығарылсын;
      нұсқаудың 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған жұмыссыздардың, "жастар практикасына" еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығындары аудандық бюджет қаражатынаң ең төменгі жалақы мөлшерінде өтеледі. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушілердің есеп шотына жүргізіледі.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкiмi                            А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады