Ұзынкөл ауданының аумағын аббаттандыру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 192 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қыркүйекте № 9-19-109 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 қазандағы № 295 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2010.10.16 № 295 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2–тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұзынкөл ауданының аумағын аббаттандыру Ережелері бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 160 "Ұзынкөл ауданының елді мекендерінің аумағын аббаттандыру, санитарлық тазалау және күтіп ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті, оныншы сессиясының
      төрағасы                                   Б. Жандауов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігінің Қостанай облыстық
      Ішкі істер Департаментінің Ұзынкөл
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі,
      бастықтың міндетін атқарушы
      ______________ Н. Досумов
      2009 жылғы 29 шілде

      "Қазақстан Республикасының денсаулық
      сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша Департаменті
      Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі, бастық
      ______________ А. Мендекинов
      2009 жылғы 29 шілде

      "Ұзынкөл ауданының сәулет және
      қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі, бастықтың міндетін атқарушы
      ______________ Т. Крюковская
      2009 жылғы 29 шілде

      "Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық, жолаушылар көлiгi және
      автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі, бастықтың міндетін атқарушы
      _______________ М. Абидов
      2009 жылғы 29 шілде

2009 жылғы 29 шілдедегі     
№ 192 мәслихаттың шешімімен 
бекітілген                  

Ұзынкөл ауданының аумағын аббаттандыру
Ережелері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұзынкөл ауданының аумағын аббаттандыру Ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ережелер аббаттандыру, санитарлық тазалықты ұстану және Ұзынкөл ауданында инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
      2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:
      1) Аббаттандыру - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені;
      2) Қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару туралы Шарт – заң күші бар тапсырыс беруші мен қоқыс жинайтын кәсіпорынның қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару жазбаша келісімі;
      3) Бекітілген аумақ - жинау және күтіп ұстау осы Ережеде көрсетілген жер телімі;
      4) Көшелердің санаты - көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты;
      5) Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машинамен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
      6) Шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар: мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;
      7) Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдық, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю;
      8) Бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын елді мекендер аймағының бөлігі;
      9) Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
      10) Маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ;
      11) Өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;
      12) Жолдарды күтіп ұстау - кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жолдарды автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау;
      13) Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру;
      14) Қатты-тұрмыстық қалдықтар - бұл тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қалдықтар, және құрамы мен сипаты бойынша оған жақын өндіріс қалдықтары;
      15) Тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі;
      16) Өкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган;
      17) Көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған ауыл аумағы.
      3. Бекітілген аумақтар:
      1) көшелер жанындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      2) ішкі орамды учаскелік аумақ;
      3) кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер;
      4) сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      5) бөлінген және маңайындағы пайдаланған аумақ;
      инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары.
      4. Аумаққа бекітілген субъектілер болып жеке тұлға, заңды тұлға да бола алады, жер телімдері уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген ғимараттар мен орын жайлардың иелері.

2 тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      5. Заңды және жеке тұлғаларға ауданның бүкіл аумағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуге қажет.
      6. Ауданның елді мекендеріндегі аумақты ағымды санитарлық жағдайда ұстау әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес Ряжское, Троебратское, Ұзынкөл селолары және селолық округі әкімдерінің аппараттары мынадай шаралармен қамтамасыз етеді:
      1) жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды, көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқа да нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      2) зираттарды күтіп ұстау;
      3) көгалдандыру және жасыл желектерді күту, сонымен қатар ағаштардың түптерін әктеп, жан-жағын қопсу;
      4) елді мекендер аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      5) ауданның тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      6) аудан аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде - қарды жинау;
      7) нормативтік шектеудегі санитарлық-қорғау аймақтарды жүйелі түрде күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу;
      8) ауданның бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде жекелеген жұмыстарды іске асыру.
      7. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Ереженің келесі талаптарына сәйкес орындау ұсынылады:
      1) өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге;
      2) кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға, мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға.
      8. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалар:
      1) аумақты күтіп ұстау және аббаттандыру жұмыстарын жүргізуге;
      2) аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      3) аудан аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысады.
      9. Елді мекендерде рұқсат етілмейді:
      көшелерді, алаңдарды және басқа қоғамдық орындарды ластауға;
      контейнерлерде құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;
      қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;
      үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді;
      топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға;
      көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, қоқыс контейнерлері алаңдарында әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға.

3 тарау. Аумақты тазалау тәртібі

      10. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс.
      11. Тротуарлардың және көгалдардың қоршауларын, жолды аббаттандырудың басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтарға кіретін жеке тұлғалар мен кәсіпорындар жүргізеді.
      12. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға тыйым салынады.
      13. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су айдындары, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумаққа бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.
      14. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      15. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстарын атқарушы субъектілер қоқысты (аула аумағынан сыпырылған қоқысты, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтары) шығару жұмыстарын қамтамасыз етеді.
      16. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, елді мекен көшелерінен кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.
      17. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байналыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      18. Жанар-жағар май құю станциясына, автожуғыш бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді ұстаушылар жүргізеді.
      19. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      20. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда объектілеріне жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      21. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты және осы аумақ шекарасымен іргелес жатқан жерлерді жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.
      22. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар атқарады.
      23. Мол қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандарылған кәсіпорын су басуды жояды.
      24. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

4 тарау. Аумақтарды қысқы кезде тазартудың ерекшеліктері

      25. Қар жинауды қар жауғаннан бастап және қар орамын болдырмау үшін қысқы кезеңнің аяқталуына дейін үздіксіз жалғастыру қажет.
      26. Көшенің жүргін бөлігінің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      27. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      28. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген жерлерге шығарылады.
      29. Көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен және басқаларынан жиналған қарды лақтыруға немесе басқа жерге ауыстыруға жіберілмейді.
      30. Қар жауғаннан кейін жол жабу жұмыстарының аяқтау кезеңі жүргізіледі.
      31. Көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне жиналған қар.

5 тарау. Аумақтарды жаз мезгілінде тазалау

      32. Жүргін жол бөлігі барлық қоқыстан толық тазаланып, жуылуы қажет.
      33. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуға тиісті.
      34. Аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.
      35. Кішігірім объектілердің иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақты тазарту бойынша келісім-шартқа отыруға міндетті немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.
      36. Көпқабатты үйдің төменгі қабатында орналасқан коммерциялық нысан иегерлері үй ауласының тазалығын қамтамасыз етуге және ауланы аббаттандыруға үлес қосуы тиіс.

6 тарау. Елді мекендердің аумақтарындағы
қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

      37. Елді мекендердің аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар, басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер, пәтер тұрғындары заңнама бойынша бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтардың қатты-тұрмыстық қалдықтар жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, заласыздандыратын және қатты-тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру үшін өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарты бар, қатты-тұрмыстық қалдықтар шығаратын кәсіпорынмен келісім шартты уақытында жасасу қажет.
      Заңды және жеке тұлғалар ғимаратты, бөлмелерді жалға беру кезінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ғимаратты, бөлмелерді пайдаланушылардың, тұрғындардың (жалға алушылар, қосалқы жалға алушылар) нақты саны бойынша шарт жасасу ұсынылады.
      Заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық қалдықтарды қатты-тұрмыстық қалдықтар арналған контейнерлерге тастауы тиіс.
      38. Қатты-тұрмыстық қалдықтар шығару бәсекелестік ортада қызмет көрсету құқығына ие бола отырып, кестеде мерзімі көрсетілген (қатты-тұрмыстық қалдықтар шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді.
      39. Ірі көлемді қалдық, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқысын, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтарын (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.
      40. Жылжымайтын объектілерді салу немесе жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.
      41. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет.
      42. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет – қатты-тұрмыстық қалдықтар және ірі көлемді қалдық шығаруға уақытында шарт жасасуға және контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге.
      43. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдардың орындауы қажет:
      1) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының маңайын тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
      2) контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыру.
      44. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың дем алатын орындарынан қашықта болуы қажет. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.
      45. Контейнерлік алаңдарды орналастыру сәулет, жер қатынастары және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, қоқыс шығарушы ұйымдармен келісу қажет.
      46. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты-тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдық шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
      47. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жөнсіз үйінділерге, қалдықтардың жиналыуына, олардың жағылуына кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      48. Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында, сауда объектілерінің кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс урналары орнатылуы тиіс.
      49. Қоқыс урналарын орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер – кәсіпорындар иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.

7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша
құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланатын
демалыс аймағын күтіп ұстау

      50. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      51. Сауда нүктелерінің иелері, ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелер маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) аббаттандыру жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек, аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс. Іргелес жатқан аббаттандыру объектілерге, жасыл желектерге, гүлзарларға, зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      52. Аббаттандыру сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Ұзынкөл ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келісіп жүргізіледі.
      53. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс урналарынан басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы қажет.
      54. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.
      55. Көпшілік демалатын орындарда рұқсат етілмейді:
      1) қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көлік құралдарын жууға және тазалауға;
      2) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға.

8 тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау (қоршаулар)

      56. Тұрғын үй ғимараттары аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.
      57. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату белгіленген тәртіппен тек қана құзырлы органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап құрылысын жүргізуге және орнатуға болады.
      58. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін; олардың саны және орналасуы аумақтарды аббаттандырушылық жобаларында белгіленеді.
      59. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, гүлзарлардағы және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше және тұрпатты жобалар бойынша әзірленеді.
      60. Жаңа құрылыс салынылып жатқан учаскесі шекарасында бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес шағын сәулеттік пішіндері жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.
      61. Шағын сәулеттік нысандардың иелері - заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстыруға, жөндеуге және бояуды ұсынады.

9 тарау. Тұрғын үйлер орамдарын аббаттандырушылық

      62. Көшелердің тұрғын аймақтары қоқыс контейнерлерін қою, кір кептіру, демалу, балаларды ойнату, спортпен айналысу үшін алаңшалармен жабдықталады.
      63. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы, құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
      64. Тұрғын көшелердің жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтау қажет.
      65. Тұрғын көшелердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында рұқсат етілмейді:
      1) жасыл аймақтарға, балалар алаңшаларына, жүргіншілер жолдарына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, тұрақтауға;
      2) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және автотұрақ қоюға;
      3) құрылыс материалдары мен қалдықтарын жинауға, автокөліктерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      4) құрылыс қоқыстарды, аула аумағынан сыпырылған қоқысты, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтарын, ірі көлемді қалдық қатты-тұрмыстық қалдықтар арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңшаларға тастауға.

10 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың
қасбеттерін күтіп ұстау

      66. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған объктілерге және олардың жекелеген элементтеріне қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті. Дүкендер мен офистердің селолық көшелеріның пункттер жағына шығатын жайма сөрелері жарықпен безендіру ұсынылады.
      67. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтерін қайтадан жабдықтауға рұқсат етілмейді.
      68. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.
      69. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.
      70. Сәулет, тарихи немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімі келісімімен сәйкес орындалады.

11 тарау. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау

      71. Елді мекендердің аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етiледi. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
      1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендiретiн желiлер, қоректендiру пункттерi, тарататын желiлер;
      2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желiлерi;
      3) басқару құрылғысы;
      4) тiреуiштер, арқанды салпыншақтардың тiректерi.
      72. Тiректер техникалық құжаттамаларға сәйкес жол желiндегi көшелердiң көлiк магистральдарына орналасады.
      73. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерiнде тiректер сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жерiне дейiн орналасады. Аллея мен жаяу жүрушiлердiң жолдарындағы тiректер жолдың жаяу жүрушi жүрмейтiн бөлiгiнде, яғни көк шөп шығатын, ағаштардың қатарында орналасады.
      74. Ғимарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуарлар мен алаңдар, ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
      75. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтiп ұстау келесi шараларды қамтиды:
      1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткiштерi берiлген өлшемге сәйкес, соның iшiнде, шамшырақтардың таратушыларының iстен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейiн өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
      2) кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жоюды жарықтандыру құрылғыларының атқарушы жергiлiктi органының шешiмiмен бекiтiлген регламенттегi жұмыс режимiн қамтамасыз ету.
      76. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды тиісті қызметтер орны ауыстыруға тиіс.
      77. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қатты-тұрмыстық қалдықтар полигон аумағына шығаруға жіберілмейді.
      78. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады.       

12 тарау. Аудан аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

      79. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қажет:
      1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік жүйелер мен олардың элементтерін тиісті жағдайда ұстауға;
      2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға шығару және көміп тастауды қамтамасыз етуге;
      3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;
      4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда уландыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеу құйрықтарды жою үшін) міндетті.
      80. Аудан аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға ұсынылады:
      1) құрылыс алаңын тұтас қоршаумен қоршауға;
      2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жол салуға;
      3) құрылыс кезінде көшелерді құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектерімен ластамау үшін сумен жууды қамтамасыз етіп, автожолдарды және бекітілген аумақ шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізуге;
      4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтеруін болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға міндетті.

13 тарау. Аудан аумағында құрылысты бұзу және шығару

      81. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдылықты қамтамасыз етіп, осы тәртіптерді орындағаннан кейін ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
      82. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе участік бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал участік қайта өңдеуге жатқызылады.     

14 тарау. Осы Ережені бұзғандығы үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      83. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады