Федоров ауданының аумағын аббаттандырушылық Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 173 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда № 9-20-154 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.05.18 № 46 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3–бабының 2–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жәіне өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 1–тармағының 8) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Федоров ауданының аумағын аббаттандырушылық ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті
      сессияның төрағасы                         А. Сергеев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     С. Сералинова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Б. Бекмұхамбетов

      "Қостанай облысы бойынша
      экология департаментінің
      Тобыл-Торғай" Қостанай
      филиалының мемлекекеттік
      мекемесінің мемлекеттік
      экологиялық инспекторы
      Н. Марьенко

      "Федоров ауданының тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      С. Панысько

      "Қостанай облысы
      Федоров ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Е. Файзуллин

      "Федоров ауданының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      Г. Федульчева

Мәслихаттың                
2009 жылғы 28 сәуірдегі    
№ 173 шешімімен бекітілген 

Федоров ауданының аумағын аббаттандырушылық
ЕРЕЖЕСI

1–тарау. Жалпы ережелері

      1. Федоров ауданының аумағын аббаттандырушылық ережелері (бұдан әрі-Ереже) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ережелер аббаттандырушылық, санитарлық тазалықты ұстану және Федоров ауданында инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
      2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:
      1) аббаттандырушылық - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені;
      2) қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару туралы Шарт – заң күші бар тапсырыс беруші мен қоқыс жинайтын кәсіпорынның қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару жазбаша келісімі;
      3) бекітілген аумақ - жинау және күтіп ұстау осы Ережеде көрсетілген жер телімі;
      4) көшелер санаты - көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты;
      5) ірі көлемді қалдық (бұдан әрі-ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстағы және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
      6) шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар, мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;
      7) жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю;
      8) бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын елді мекендер аймағының бөлігі;
      9) жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
      10) маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттңң, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ;
      11) өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;
      12) жолдарды күтіп ұстау - кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жолдарды автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау;
      13) санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.
      14) қатты-тұрмыстық қалдықтар (бұдар әрі-ҚТҚ) - бұл тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қалдықтар, және құрамы мен сипаты бойынша оған жақын өндіріс қалдықтар;
      15) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі;
      16) өкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган;
      17) көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған ауыл аумағы.
      3. Бекітілген аумақтар:
      1) көшелер жанындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      2) ішкі орамды учаскелік аумақ;
      3) кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер;
      4) сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      5) бөлінген және маңайындағы және пайдаланған аумақ;
      6) инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары;
      4. Аумаққа бекітілген субъектілер болып жеке тұлға, заңды тұлға да бола алады, жер телімдері уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген ғимараттар мен орын жайлардың иелері.

2–тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      5. Заңды және жеке тұлғалар ауданның бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуге тиісті.
      6. Ауданның елді мекендеріндегі аумақты ағымды санитарлық жағдайда ұстау әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдері қамтамасыз етеді және мынадай шаралармен қамтамасыз етеді:
      1) жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды, көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      2) зираттарды күтіп ұстау;
      3) көгалдандыру және жасыл желектерді күту, сонымен қатар ағаштардың түптерін әктеп, жан-жағын қопсу;
      4) елді мекендер аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      5) ауданның тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      6) аудан аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде-қарды жинау;
      7) нормативтік шектеудегі санитарлық-қорғау аймақтарды жүйелі түрде күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу;
      8) ауданның бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде жекелеген жұмыстарды іске асыру.
      7. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Ереженің келесі талаптарына сәйкес орындау ұсынылады:
      1) өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге;
      2) кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға, мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға.
      8. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалар құқылы:
      1) аумақты күтіп ұстау және аббаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      2) аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      3) аудан аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.
      9. Елді мекендерде рұқсат етілмейді:
      көшелерді, алаңдарды және басқа қоғамдық орындарды ластауға;
      тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;
      ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;
      қоқысты (ҚТҚ) контейнерлерде және контейнерлік алаңшаларды өртеуге;
      үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді;
      су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.
      10. Автокөлік кәсіпорындарына және автокөлік иелері көшелерде көліктерді таза қалпында шығаруы ұсынылады.
      Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға;
      көгалдарда, гүлзарларда,балалар ойнайтын, қоқыс контейнерлері алаңдарында әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға.

3–тарау. Аумақты тазартуды ұйымдастыру

      11. Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      1) көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалауларды) бойынша - коммуналдық шаруашылығының өкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      2) ішкі орамды және басқа да аумақтарды жинау мен таза ұстау шекарасы шектелген аумақтың әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдері жүргізеді;
      12. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, өкілетті органның бекіткен нұсқаулары мен технологиялық ұсыныстарына сәйкес жүргізеді.

4–тарау. Аумақты тазалау тәртібі

      13. Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және көше желілерін күту мен тазалау жұмыстарын мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      14. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға тыйым салынады және тыйым салуды білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді.
      15. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      16. Тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды аббаттандырудың басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтарға кіретін жеке тұлғалар мен кәсіпорындар жүргізеді.
      17. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға тыйым салынады.
      18. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су айдындары, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумаққа бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.
      19. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      20. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстарын атқарушы субъектілер қоқысты (аула аумағынан сыпырылған қоқысты, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтары) шығару жұмыстарын қамтамасыз етеді.
      21. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, елді мекен көшелерінен кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.
      22. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.
      23. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      24. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуғыш бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді ұстаушылар жүргізеді.
      25. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      26. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      27. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты және осы аумақ шекарасымен іргелес жатқан жерлерді жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.
      28. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздар пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      29. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар атқарады. Бітірілген жұмыстардан кейін қоқыстарды дер кезінде шығару ұсынылсын.
      30. Мол қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандарылған кәсіпорын су басуды жояды.
      31. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

5–тарау. Аумақтарды қысқы кезде
тазартудың ерекшеліктері

      32. Көшелердің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын нұсқауларға және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      33. Көшенің жүргін бөлігінің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      34. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      35. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген жерлерге шығарылады.
      36. Көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды лақтыруға немесе басқа жерге ауыстыруға жіберілмейді.
      37. Қар жауғаннан кейін жол жабу жұмыстарының аяқтау кезеңі жүргізіледі.
      38. Уақытша жиналған қар үйіндісі - көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне жиналған қар.
      39. Арнайы дайындалған алаңдарға көшелердегі және өтпе жолдардағы қар тасып шығарылуы тиіс. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды тасып шығаруға рұқсат етілмейді.
      Қар үйінділерін шығаратын орынды анықтау тиғатты қорғау ұйымдарының келісімі бойынша Федоров селосы және селолық округтер әкімдері аппаратына жүктеледі.
      40. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, аббатандырылуға тиіс.

6–тарау. Аумақтарды жаз мезгілінде тазалау

      41. Жүргін жол бөлігі барлық қоқыстан толық тазаланып, жуылуы қажет.
      42. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуға тиісті.
      43. Аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.
      44. Кішігірім нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақты тазарту бойынша келісім-шартқа отыруға міндетті немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.
      45. Көпқабатты үйдің төменгі қабатында орналасқан коммерциялық нысан иегерлері үй ауласының тазалығын қамтамасыз және ауланы аббаттандыруға үлес қосуы тиіс.

7–тарау. Елді мекендердің аумақтарындағы
қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

      46. Елді мекендердің аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар, басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер, пәтер тұрғындары заңнама бойынша бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ пайдаға асыру үшін өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарты бар, ҚТҚ шығаратын кәсіпорынмен келісім шартты уақытында жасасу қажет.
      Заңды және жеке тұлғалар ғимаратты, бөлмелерді жалға беру кезінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ғимаратты, бөлмелерді пайдаланушылардың, тұрғындардың (жалға алушылар, қосылқы жалға алушылар) нақты саны бойынша шарт жасасу ұсынылады.
      Заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ арналған контейнерлерге тастауы тиіс.
      47. ҚТҚ шығару бәсекелестік ортада қызмет көрсету құқығына ие бола отырып, кестеде мерзімі көрсетілген (ҚТҚ шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді. Қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқысты шығару қызметтерін уақытында көрсетуі тиіс.
      48. ІКҚ, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқысын, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтарын (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.
      49. Жылжымайтын нысандарды салу немесе жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.
      50. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. ҚТҚ жинау үшін 0,75 м.куб мөлшері стандарттық металдан жасалған контейнерлерді қолдану қажет.
      51. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет – ҚТҚ және ІКҚ шығаруға уақытында шарт жасасуға және контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      52. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдардың орындауы қажет:
      1) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының маңайын тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
      2) контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыру.
      53. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың дем алатын орындарынан қашықта болуы қажет. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.
      54. Контейнерлік алаңдарды орналастыру сәулет, жер қатынастары және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, қоқыс шығарушы ұйымдармен келісу қажет.
      55. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
      56. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жөнсіз үйінділерге, қалдықтардың жиналыуына, олардың жағылуына кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      57. Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, жолаушылар тасмалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс сауыттары орнатылуы тиіс.
      58. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер – кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.

8–тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша
құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы
пайдаланатын демалыс аймағын күтіп ұстау

      59. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      60. Сәулеттік және түстері туралы шешім сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
      61. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
      62. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) аббаттандыру жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Іргелес жатқан аббаттандыру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      63. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
      64. Аббаттандыру, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Федоров ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келісіп жүргізіледі.
      65. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы қажет.
      66. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.
      67. Көпшілік демалатын орындарда рұқсат етілмейді:
      1) қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;
      2) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;
      3) 23.00 кейін әуенді қатты қоюға.

9–тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді
күтіп ұстау /қоршаулар/

      68. Тұрғын үй ғимараттары аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.
      69. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату белгіленген тәртіппен тек қана құзырлы органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап құрылысын жүргізуге және орнатуға болады.
      70. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін; олардың саны және орналасуы аумақтарды аббаттандырушылық жобаларында белгіленеді.
      71. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, гүлзарлардағы және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше және тұрпатты жобалар бойынша әзірленеді.
      72. Жаңа құрылыс салынылып жатқан учаскесі шекарасында бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес шағын сәулеттік пішіндері жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.
      73. Шағын сәулеттік пішіндердің сындарлы шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамсыздандыруы тиіс.
      74. Шағын сәулеттік нысандардың иелері - заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстыруға, жөндеуге және бояуды ұсынады.

10–тарау. Тұғын үйлер орамдарын
аббаттандырушылық

      75. Тұрғын аймақтары қоқыс контейнерлерін қою, кір кептіру, демалу, балаларды ойнату, спортпен айналысу үшін алаңшалармен жабдықталады.
      76. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы, құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс және ол сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерімен, қоқыс шығарушы ұйымдарымен келісілуі керек.
      77. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтау қажет.
      78. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында рұқсат етілмейді:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-00 тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
      2) жасыл аймақтарға, балалар алаңшаларына, жүргіншілер жолдарына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, тұрақтауға;
      3) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және автотұрақ қоюға;
      4) құрылыс материалдары мен қалдықтарын жинауға, автокөліктерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да жылжымайтын, жылжымалы нысандар орналастыруға;
      5) құрылыс қоқыстарды, аула аумағынан сыпырылған қоқысты, ағаштар мен қырқылған талдардың шыбықтарын, ІКҚ ҚТҚ арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңшаларға тастаға.

11–тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың
қасбеттерін күтіп ұстау

      79. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс болуын қамтамасыз етуге тиісті. Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын жайма сөрелері жарықпен безендіру ұсынылады.
      80. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауға рұқсат етілмейді.
      81. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.
      82. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.
      83. Сәулет, тарихи немесе мәдени ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімі келісімімен сәйкес орындалады.

12–тарау. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау

      84. Елді мекендердің аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етiледi. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
      1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендiретiн желiлер, қоректендiру пункттерi, тарататын желiлер;
      2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желiлерi;
      3) басқару құрылғысы;
      4) тiреуiштер, арқанды салпыншақтардың тiректерi.
      85. Тiректер техникалық құжаттамаларға сәйкес жол желiндегi көшелердiң көлiк магистральдарына орналасады.
      86. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерiнде тiректер сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жерiне дейiн орналасады. Аллея мен жаяу жүрушiлердiң жолдарындағы тiректер жолдың жаяу жүрушi жүрмейтiн бөлiгiнде, яғни көк шөп шығатын, ағаштардың қатарында орналасады.
      87. Ғимарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуарлар мен алаңдар, ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
      88. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтiп ұстау келесi шараларды қамтиды:
      1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткiштерi берiлген өлшемге сәйкес, соның iшiнде, шамшырақтардың таратушыларының iстен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейiн өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
      2) кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жоюды жарықтандыру құрылғыларының атқарушы жергiлiктi органының шешiмiмен бекiтiлген регламенттегi жұмыс режимiн қамтамасыз ету.
      89. Жарықтандыру құрылғыларының жағдайын және шамшырақтардың жану пайызын анықтау үшiн бақылау тексерiстерi өткiзiліп, акт жазылады.
      90. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тiректерi, тiреуiштерi және басқа да элементтерi жабынының жағдайына байланысты кемiнде үш жылда бiр сырланады.
      91. Жаяу адамның, жүргiзушiнiң көзiне шамдардың тiке жарығы түспеуi үшiн жарықтандыру аспаптарын қорғаушы бұрышын ескередi немесе арнайы экранды торлар орнатылады.
      92. Көшелердегі шамдардың жарық бермеуі 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды тиісті қызметтер орны ауыстыруға тиіс.
      93. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін ҚТҚ полигон аумағына шығаруға жіберілмейді.
      94. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар – 12 сағат ішінде шығарылады.

13–тарау. Жол жабуларын, тротуарларды,
көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды,
елді мекендердің шаруашылық элементтерін бұзуға,
металл құрылымы жарнамаларын орналастыруға
рұқсат беру және жұмыс өндірісін жүргізудің
ресімдеу тәртібі

      95. Заңды және жеке тұлғалар аудан аумақтарында жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, елді мекендердің шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен жазбаша рұқсат берілген кезде ғана арқылы түрде жүргізіледі.
      96. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар меншік түріне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскені бірінші талап бойынша тез арада өз күшімен босатуды ұсынады.
      Тез арада апатты жоюды қажет ететін, қаланың өміршеңдігін қамтамасыз ететін қаланың маңызды нысандары үшін ерекше жағдайда, келісім беретін ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді рәсімдеусіз, осы сәттен кейін 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдеп, апатты жоюға кірісуге жол беріледі.
      97. Инженерлік желілер, жолдар, жаяу соқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімді көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруге міндетті. Сонымен қатар жер қазба жұмыстарына жүргізуге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жағдайда, қазба жұмыстарын ордерде көрсетілген уақытта қалпына келтіруге уағдаласқан рұқсат беріледі. Өздігінше жер қазба жұмыстарын жүргізген жағдайда аталған Ережені бұзған болып есептеледі.
      98. Жер асты инженерлік жүйелерін салу, қайта құру жұмыстары кезінде құрылыс, көшелерді, алаңдарды және басқа жалпы пайдаланатын орындарды қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын ұйымдар тиісті қалпына келтіріп, кейінгі 5 жыл бойы аббаттандырушылық жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      99. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, тапсырыс беруші автокөлік қозғалысын жабуға атқарушы орган тиісті рұқсат бергенде, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды хабардар етеді.
      100. Шаруашылық нысандары, элементтері рұқсатта көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. рұқсатты ұзарту осы Ережені бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      101. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кешіктірмей, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырып, бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      102. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
      103. Жолдың алынған асфальті мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектер мен жаяу соқпақ тастары бөлшектелінеді, үйіледі және сақтау мен қайта пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл желектер жұмыстарын жүргізуде оларды қорғауда іс-шараларды міндетті өткізу қажет ( қоршаулармен қоршау және т/б.)
      104. Жұмыстар жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезінде, олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталуына байланысты учаскелеріне рұқсат беріледі.
      105. Жол төсемдері, жаяу соқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін, жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар селолық округтер мен Федоров селосы әкімдерінің рұқсаты бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Басқа жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.
      Қажетті жағдайларда инженерлік коммуникация желілерін асфальт қабаты астынан горизонталды бұрғылау әдісі арқылы өткізуге рұқсат беріледі, бұл жағдайда өткізу тереңдігі жол қабатынан 80 см-ден кем болмауы керек.
      106. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылданғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабулардың шөгуіне және сынының бұзылуына осы жерді қазған ұйым немесе жеке тұлғалар жауап береді.
      107. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.
      108. Қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың сапасы өкілетті органмен қабылданады.
      109. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.
      110. Шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіру ұсынылады.
      111. Шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын күтіп ұстау, орналастыру және орнынан алу кезінде автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге жіберілмейді.

14–тарау. Аудан аумақтарында жөндеу
және құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

      112. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қажет:
      1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік жүйелер мен олардың элементтерін тиісті жағдайда ұстауға;
      2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға шығару және көміп тастауды қамтамасыз етуге;
      3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;
      4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда уландыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеу құйрықтарды жою үшін) міндетті.
      113. Қала аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға ұсынылады:
      1) құрылыс алаңын жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі үшін ені 1 метрден кем емес қорғаныш маңдайшасы бар биіктігі 3 метрден кем емес тұтас қоршаумен қоршауға;
      2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жол салуға;
      3) құрылыс кезінде көшелерді құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектерімен ластамау үшін сумен жууды қамтамасыз етіп, автожолдарды және бекітілген аумақ шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізуге;
      4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтеруін болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға міндетті.

15-тарау. Аудан аумағында құрылысты
бұзу және шығару

      114. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдылықты қамтамасыз етіп, осы тәртіптерді орындағаннан кейін ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
      115. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе участік бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал учаске қайта өңдеуге жатқызылады.

16-тарау. Осы Ережені бұзғандығы үшін жеке
және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      116. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады