2009 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы N 18 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 57 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы N 26/1-28/73 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011.02.17 N 26/1-28/73 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-I бабына және Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" кауылысына сәйкес халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санаттарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға көмектесу және әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық.
      2. Халықтың нысаналы топтарының құрамына енетiн тұлғалардың  тiзбесi, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, нысаналы басымды бағыттарды қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға арналған келісімшарттар жасасын.
      4. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 002 "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" бағдарламасы бойынша, аудандық бюджетте 2009 жылы бекiтiлген қаржы көлемiнде қаржыландыруды қамтамасыз етілсiн.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары   Б. З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.

      Аудан әкімі                                М. Көбенов

Аудан әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 19 қаңтардағы N 18
қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша халықтың
нысаналы топтарының тiзбесi

      1. 50 жастан асқандар.
      2. Отбасында Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
      3. Табысы аз адамдар, отбасында бiрде-бiр жұмыс iстейтiн адамы жоқ жұмыссыздар.
      4. Ұзақ емделудi қажет ететiн ауруға шалдыққандары бар отбасы мүшелерi.
      5. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.
      6. Мүгедек балалар бар отбасы мүшелері.

Аудан әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 19 қаңтар N 18
қаулысымен бекітілді

Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығы

      Осы Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдармен (меншiк нысанына қарамастан) негiзгi есеп айырысу жүйесi мен шарттарын реттеп отырады.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылған негiзгi түсiнiктер:
      1) Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс берушiнiң шығындарының бiр бөлiгiн толықтыруға халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз адамдарды еңбекке орналастыру үшiн жұмыс берушiлер жергілікті атқарушы органмен шартқа отыру негізімен құрылған жұмыс орны;
      2) Нысаналы топтар дегенiмiз – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген еңбекке орналасуда қиындық көрiп жүрген әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдардың топтары.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнеткерлiк және қамсыздандыру актiлерiнiң күшi жүредi.
      3. Жұмысысздардың әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлуiн қадағалау келiсiм бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған
жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртiбi

      4. Әлеуметтiк жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздар үшiн 6 айға дейiн мерзiмге "Ақтоғай жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мен кәсiпорындар, ұйымдар, шаруа қожалықтары, жеке кәсiпкерлер арасында келiсiм шарттар бойынша арнайы ұйымдастырылады.
      5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшiн жұмысқа қабылданғандарды еңбегiне ақы төлеудiң бiр бөлiгiн аудан бюджетi қаржысынан төлеу шартымен кәсiпорындар, ұйымдар мен жеке кәсiпкерлер ұсынады.
      6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын немесе құратын  кәсiпорындар, ұйымдармен жеке кәсiпкерлер тiзбесi, әлеуметтiк жұмыс орындардың мерзiмдерi, қаржыландыру шарттары аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен анықталады.
      7. Кәсiпорындарды тандап алу кезiнде әлеуметтiк жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздарды алдағы уақытта тұрақты еңбекке орналастыру кепiлдiгi кәсiпорындар мен ұжымдарға таңдау басымдылығы берiледi.
      8. Кәсiпорындар, ұйымдар мен жеке кәсiпкерлер жұмыссыздарды еңбекке қабылдаған мерзiмнен бастап уәкелеттi органнан жұмыссыз есебiнен шығарылады.
      9. Әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған қызметкерлердiң санын жұмыс берушi тағайындайды, ол Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру көздерi мен шарттары

      10. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi, жұмыс берушiлермен жергiлiктi бюджет қаржысы.
      11. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасының" 102 "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" бағдарламасы бойынша iске асырылады.
      12. Еңбекпен қамту мәселесi бойынша уәкiлеттi орган әлеуметтiк жұмыс орынына қабылдаған жұмыс берушi мен қызметкер жалақысының бiр бөлiгiн аудан бюджетi қаржысы есебiнен жабу жөнiнде келiсiм шарт жасайды.
      13. Әлеуметтiк жұмыс орынына жұмысқа орналыстырылған жұмыссыздар еңбегiн төлеуге кеткен жұмыс берушiнiң шығындарының 50 пайызы мөлшерi жергiлiктi бюджет қаржысынан төленедi, бiрақ ол Республика көлемiндегi ең төменгi жалақыдан кем болмауға тиiс. әлеуметтiк жұмыс орынына қабылданған қызметкердiң еңбек ақысын төлеудiң бiр бөлiгiне өтемақыға кеткен бюджет қаржысы жұмыс берушiнiң есеп айырысу есеп шотына аударылады.

4. Әлеуметтiк жұмыс орынын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiне бақылау жасау

      14. Әлеуметтiк жұмыс орынын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелерiнiң сақталуына бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады