Қараоба ауылдық округінің Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл аулындағы көшесіне ат қою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округ әкімінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 02 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 12-4-70 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 бабына, Қазақстан Республикасыны 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Красная поляна, Спартак, Исантерек, Жана-ауыл тұрғындардың пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Красная поляна ауылына атауы жоқ көшесiне "Береговая" деген атауы берiлсiн.
      2. Спартак ауылына атауы жоқ көшесiне "Озерная" деген атауы берiлсiн.
      3. Исантерек ауылына атауы жоқ көшесiне "Желтоқсан" деген атауы берiлсiн.
      4. Жана-ауыл ауылына N 1 атауы жоқ көшесiне "Бейбітшілік" деген атауы берiлсiн;
      Жана-ауыл ауылына N 2 атауы жоқ көшесiне "Достық" деген атауы берiлсiн.
      5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк  күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      6. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Қараоба ауылдық округінің әкімі            Б.С. Куанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады