Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 160/10 қаулысы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда N 12-5-68 тіркелген

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағының 18)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына және 2009 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.
      2. Қызылтау ауылдық округі аумағына шектеу қойылуына байланысты малдардың енгізілуіне және шығарылуына тыйым салынсын.
      3. Қызылтау ауылдық округі әкіміне және ауылдық округтің малдәрігерлік инспекторына (келісім бойынша) малдарды бруцеллез ауруын сауықтыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындасын.
      4. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі "Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы" N 145/9 қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Қ. Шәкіров

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Агроөнеркәсіптік
      кешендегі мемлекеттік инспекция
      комитетінің Баянауыл аудандық
      аумақтық инспекциясының бастығы Р.Д. Нургалиев
      9 қазан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады