1993 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 25 шешімі. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 12-5-71 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімінің 2010.04.01 N 11 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес 1993 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізуді ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 1993 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Майқайың кенті мен ауылдық округтер әкімдері 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1993 жылы туған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген жастары үлкендерді тіркеуден өткізуді жоғары ұйымшылдықпен өткізуге міндеттелсін.
      3. Майқайың кенті мен ауылдық округтер әкімдері, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекеме басшылары (келісім бойынша), мектеп директорлары 2-қосымшадағы кестеге сәйкес тіркелім басталғанға дейін және оның барысында 1993 жылы туған жасөспірімдердің мезгілінде және толық хабарлануын, олардың шақыру қағазында көрсетілген мерзімде аудандық қорғаныс істер бөліміне 100 пайыз ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін. Жасөспірімдердің шақыру қағаздарында көрсетілген талап етілген құжаттармен, екі тәулікке тамақтануға жететін қаржымен, жылы киіммен қамтылуына ерекше назар аударсын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Т.Ө. Айдаров (келісім бойынша) тіркеу кезінде тұрақты кезекшілік етуге аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкерін бөлсін.
      5. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің аудандағы өкілі, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Тентекпаев Ж.М. (келісім бойынша) 3-қосымшаға сәйкес жасөспірімдерді дәрігерлік тексеруден өткізу үшін тәжірибелі маман дәрігерлерді бөлуге және орта буын медицина қызметкерлерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге міндеттелсін.
      6. Медицина комиссиясы емдеу орындарында, стационарлық тексеруге жіберген жасөспірімдерді кезектен тыс қабылдансын, тексеруге барлық қажетті құжаттар рәсімделе отырып барынша қысқа мерзімде өткізілсін және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру жұмыстарының барысы туралы жазбаша хабарлансын. Тіркелу кезінде денсаулығының кінәрәт екені анықталғандарды емдеу шаралары қарастырылсын.
      7. Аудан әкімінің 2008 жылғы 02 желтоқсандағы "1992 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу туралы" N 26 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-5-60 санымен тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 54 (194) "Баянаула баурайы" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Қ. Шәкіров

      Келісілді:

      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы полиция полковнигі
      20 желтоқсан 2009 ж.                       Т. Айдаров

      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімнің бастығы майор
      20 желтоқсан 2009 ж.                       Б. Орашев

      ҚКМК "Баянауыл ауданының орталық
      ауруханасының" бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы
      20 желтоқсан 2009 ж.                       Ж. Тентекпаев

Аудан әкімінің 2009 жылғы 
21 желтоқсандағы N 25 шешіміне
1-қосымша        

1993 жылы туған жасөспірімдерді
тіркеуден өткізу комиссиясының

ҚҰРАМЫ:

Орашев Баянбек Айтмұхаметұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Тәліпов Қинаятолла Хайроллаұлы

- аудан әкімінің көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Мурзатаева Маржан Рахымғалиқызы

- әскери қызметке шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Төлегенов Темірболат Шайхыұлы

- ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Темірбекова Жанар Амангелдіқызы

- аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Аудан әкімінің 2009 жылғы 
21 желтоқсандағы N 25 шешіміне
2-қосымша        

Р-с Кент және ауылдық округтер Шақырылу шылар саны Келетін күні Өтетін күні Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Баянауыл а/о

42

01.02.10

01.02.10


2

Лекер а/о

3

01.02.10

01.02.10


3

Қаратомар а/о

2

02.02.10

02.02.10


4

Сәтбаев а/о

14

02.02.10

02.02.10


5

Ұзынбұлақ а/о

5

02.02.10

02.02.10


6

Жаңажол а/о

1

02.02.10

02.02.10


7

Күркелі а/о

14

02.02.10

02.02.10


8

Құндыкөл а/о

15

03.02.10

03.02.10


9

Қызылтау а/о

12

03.02.10

03.02.10


10

Торайғыр а/о

10

03.02.10

03.02.10


11

Жаңатілек а/о

15

04.02.10

04.02.10


12

Ақсан  а/о

9

04.02.10

04.02.10


13

Бірлік а/о

7

04.02.10

04.02.10


14

Майқайың к.

37

05.02.10

05.02.10


15

Шөптікөл а/о

4

05.02.10

05.02.10


16

Майқайың к.

38

06.02.10

06.02.10


Аудан әкімінің 2009 жылғы 
21 желтоқсандағы N 25 шешіміне
3-қосымша        

1993 жылы туған жасөспірімдерді дәрігерлік
тексеруден өткізуге тартылатын дәрігерлер
мен кіші буын медицина қызметкерлерінің ТІЗІМІ:

Р/с Мамандығы Аты-жөні

1

Терапевт

Әмірханова Маржан Мұратовна

2

Хирург

Зарахан Мұратбек

3

Дерматолог

Хадыр Төлеген

4

Невропатолог

Жумадиллаев Маулен Базаралиевич

5

Тіс дәрігері

Калимова Бақыт

6

Лор

Қадыр Гүлшан

7

Окулист

Дандан Заурен

8

Фтизиатр

Бакаева Баян Құсманқызы

9

Психиатр

Темірбекова Жанар Аманкелдіқызы

10

Флюоролаборант

Сариева Фаруза

11

Рентгенлаборант

Ахметова Раиса

12

Лаборант

Мақашева Әлия

13

Лаборант

Талипова Майдаш

14

Медбике

Солтанова Гульмира

15

Медбике

Түсіпова Жанна

16

Медбике

Махметова Өркен

17

Медбике

Абдуллина Назым

18

Медбике

Кунанбаева Баткен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады