2009 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Қашыр аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 144/4 қаулысы. Павлодар облысы Қашыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 12-8-70 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы N 168/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.06.03 N 168/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынның 31 бабы 1 тармағы 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 6 тармақшасына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қорғаусыз санаттағы жұмыссыздарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      дәрігерлік–консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша шектеулері бар тұлғалар;
      бірде-бір жұмыс істейтін отбасы мүшесі жоқ аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыздар.
      2. Қосымшаға сәйкес "Качир ауданының N 11 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекемесінің, Павлодар қаласының кәсіптік лицейлері, колледждерінің, студенттері мен оқушыларына ұйымдар мен кәсіпорындарда екі айлық сынақтан өту төлемінің мөлшері бекітілсін.
      Сынақтан өту "Качир ауданыныңың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша іске  асырылады,төлеу "Жұмыспен қамту бағдарламасы. Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" 002.102 бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      3. Качир ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі "2008 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы" Nп137/4 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 18 мамырдағы
N 144/4 қаулысына
қосымша

Павлодар қаласының кәсіптік лицейлері,
колледждері, "Качир ауданының N 11 кәсіптік
лицей" мемлекеттік мекемелерінің студенттері
мен оқушыларына ұйымдар мен кәсіпорындарда екі
айлық сынақтан өту төлем ақысының мөлшері

р/р

N

Мамандықтар атаулары

Сандары

Төлем мөлшері

1

Тракторист-машинист

15

ҚР заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінің 50 %

2

Дәнекерлеуші

10

ҚР заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінің 50 %

3

Тас қалаушы

15

ҚР заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінің 50 %

4

Сылақшы

20

ҚР заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінің 50 %

 

Жиынтығы:

60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады