Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 145/4 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 шілдедегі N 216/7 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 12-8-76 тіркелген

     Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 10.10.2014 N 320/10 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13, 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту" Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына, 18-1-бабына сәйкес, тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 145/4 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-8-72, "Заря" газетінде 2009 жылдың 6 маусымда N 23 жарияланған) бекітілген қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығына келесі өзгерістер енгізілсін:
      10 тармақтағы "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" 102 кіші бағдарламасындағы сөздері "103 кіші бағдарламасындағы "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.gМардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады