Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы "Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстаудың қағидалары туралы" N 71/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 шілдедегі N 90/16 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 шілдеде N 12-12-74 тркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 50/10 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.12.06 N 50/10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" N 148-II Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы (IV сайланған ХІV сессиясы) "Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстаудың қағидалары туралы" N 71/14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-67 тіркелген, "Сельские будни" газетінде 2009 жылдың 9 мамырдың 18 нөмірінде жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасының төмендегі тармақшалары алынып тасталсын:
      50 тармағының 2 тармақшасы "көшенің көлік және жаяу адамдар жүретін бөлігін, ағаш егілген аумақтарды, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын орындарды қоқыспен (темекі қалдықтары, бөтелкелер, қағаз т.б.) және тұрмыстық қалдықтармен ластауға";
      50 тармағының 4 тармақшасы "бөлінбеген жерде мал айдауға және жаюға";
      51 тармағының 2 тармақшасы "оларды күтіп ұстайтын және серуенге шығаратын орындарды тиісті санитарлық жағдайда ұстауға".
      2. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихатының IV сайланған
      XVI сессия төрағасы                        Р. Бечелова

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады