2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 87 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 мамырда N 1707 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермерген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын.
      3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдер (басқарма) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      аудандық (қалалық) шақыру комиссияларын құрсын;
      мыналармен қамтамасыз етсін:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдер (басқарма) шақыру комиссиясының жұмысы үшін бөлімдерді (басқармаларды) үй-жаймен;
      автомобиль көлігі және техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлуді;
      көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген қаражаттандыру шегінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.
      4. Денсаулық сақтау басқармасы:
      Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
      шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияларды дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы дәрігерлермен толықтырсын;
      шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеру үшін емдеу - алдын алу мекемелерінде орындар көздесін.
      5. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:
      ішкі істер департаменті, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының құрамына енгізуді;
      азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды;
      әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға;
      азаматтардың шақыру пункттеріне келуін бақылауды жүргізу, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.
      6. Мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.
      7. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді, шақырылушылардың жалпы даярлығын тексеруді ұйымдастырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы
3 сәуірдегі № 87 қаулысына
қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.08.17 N 210; 2009.09.22 N 235 Қаулыларымен

Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Галыгин Юрий Борисович

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының міндетін уақытша атқарушысы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Мұстафин Қайрат Сағидұлаұлы

Солтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Иванова Маргарита Владимировна

облыстық аурухананың медбибісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Көшеков Мұрат Өмірбайұлы

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары

Ғабдуллина Нәзира Нұрланбеқызы

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының көмекшісі, дәрігер, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады