"Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IV шақыру 2009 жылғы 27 сәуірдегі XV сессиясының N 1 шешіміне өзгеріс енгізу

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 13-1-169 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 15.05.2018 № 8 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 27 сәуірдегі Петропавл қалалық мәслихаты IV шақыру ХV сессияның № 1 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 21 мамырдан № 13-1-154 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырдан "Проспект СК" газетінде № 22, 2009 жылғы 29 мамырдан "Қызылжар-Нұры" газетінде № 22 жарияланған) келесі өзгерістер еңгізу:

      көрсетілген шешімнің 2 тармағын шығару;

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасын жаңа редақцияда баяндау.

      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткенде күшіне енеді.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Леонтьев
      Қалалық мәслихат хатшысы Р. Сыздықов

  Петропавл қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
XXII сессиясының
№ 16 шешіміне қосымша
Петропавл қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі
IV шақырылған кезектен тыс
XV сессиясының № 1 шешiмiне
қосымша

№ к/к

Салық салу нысаны

АЕК 1 ай үшін белгіленген
салық мөлшерлемесі

1

Ұтыссыз ойын автоматы
(1 ойыншымен)

2,5

2

Боулинг (кегельбан) –
ойын жолы

33,2

3

Карт

2,4

4

Бильярд үстелі

9,5

5

Ұтыссыз ойын автоматы
(1 ойыншыдан артық)

6,4

6

Ойынды жүргізу үшін қолданылатын персоналды компьютер

2,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады