2009 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері бойынша көктемгі-егіс жұмыстарын өткізуде оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 49 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 сәуірде N 13-3-94 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен    

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген 2009 жылға жанар-жағар май материалдарының және көктемгі-егістік пен науқан жұмыстарын өткізу мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен шығымын жоғарылату үшін қажетті өзге де тауарлық–материалдық құндылықтардың құнын арзандату үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге субсидия төлеу Ережелерінің 12-тармағына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан АТС» ЖШС-нің көп жылғы ғылыми зерттеулерінің негізінде дайындалған 2009 жылға Солтүстік Қазақстан облысы топырақ-жер өңдеу аймақтары бойынша субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері жөніндегі көктемгі егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізу жөніндегі нұсқаулары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Айыртау ауданы әкімдігінің 2009.06.05 N 126 Қаулысымен
      1. 2009 жылға ауданда субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын (себуді) қысқа мерзімде өткізудің уақыты белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш. Тұралиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Е. Айнабеков

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 наурыздағы
№ 49 қаулысына
қосымша

Айыртау ауданының 2009 жылға топырақ-жер өңдеу
аймақтары бойынша субсидияланған басымды ауыл
шаруашылық дақылдардың түрлері жөніндегі көктемгі-
егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізу жөніндегі нұсқаулары

      Ескерту. қосымша жаңа редакцияда - Айыртау ауданы әкімдігінің 2009.06.05 N 126 Қаулысымен

№пп

Жер өңдеу аймағы

Дақылдар

Көктемгі егіс жұмыстарын
өткізуге оңтайлы
мерзімдер

2009 жылға алдыңғы егіс

1

2

3

4


1

ІІ-дала, тегіс жер, шоқ далалы жер

Жаздық бидай

15.05.-30.05

5 маусым бойынша

Арпа-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Арпа-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06


Сұлы-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Сұлы-орташа-
пісетін сорттары

27.05-30.05


Бұршақ

25.05-30.05


Қарақұмық

20.05-25.05


Тары

28.05-5.06


Рапс

15.05-20.05


Лен, қыша

17.05-20.05


Шемішке май тұқымына

12.05-15.05


Картоп

15.05-18.05


Жүгері силосқа

15.05-20.05


2

ІV-таулытас және таушықтасты

Жаздық бидай

15.05.-25.05

2 маусым бойынша

Арпа-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Арпа-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06

 

Сұлы-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05

 

Сұлы-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06

 

Бұршақ

25.05-30.05

 

Қарақұмық

20.05-25.05

 

Тары

28.05-30.05

 

Рапс

15.05-18.05

 

Лен, қыша

16.05-19.05

 

Шемішке май тұқымына

12.05-15.05

 

Картоп

12.05-18.05

 

Жүгері силосқа

14.05-18.05

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады