Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 108 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы N 196 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 13-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтарда N 1 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 04 мамырдағы № 108 «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 13-3-96 тіркелді, 2009 жылғы 22 мамырдағы «Айыртау таңы», 2009 жылғы 22 мамырдағы «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен құрылған аудандық шақыру комиссиясының құрамына «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы – Чепухин Сергей Иванович төраға болып енгізілсін;
      аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Әубәкіров Нұрлан Әлбекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы арнайы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков
      Келісілді:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С. Чепухин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады